Тақырыбы: Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Орындаған: Төленді Алтынай Ғазизқызы



бет10/10
Дата27.11.2023
өлшемі105,1 Kb.
#129882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Педагогикалық феноменді анықтауда зерттеуші, біріншіден, педагогикалық зерттеу мен оның категориялық-ұғымдық жүйесінің мәнмәтінін үйлестіре отырып, педагогикалық феноменнің заттай және айрықша белгілерін көрсету арқылы педагогикалық ұғымның мәндік-логикалық талдауын; екіншіден, бұл феноменді кәсіби-педагогикалық ортада шын мәнінде қолданудың ұсынды.

  • Педагогикалық феноменді анықтауда зерттеуші, біріншіден, педагогикалық зерттеу мен оның категориялық-ұғымдық жүйесінің мәнмәтінін үйлестіре отырып, педагогикалық феноменнің заттай және айрықша белгілерін көрсету арқылы педагогикалық ұғымның мәндік-логикалық талдауын; екіншіден, бұл феноменді кәсіби-педагогикалық ортада шын мәнінде қолданудың ұсынды.
  • Зерттеуші ұғымдарды таңдау кезінде ғылыми терминологияға қойылатын жалпы талаптарды ескеруі қажет:
  • нақтылық – мағынасының бірегейлігі;
  • анықтамалық (дефинитивность) – педагогикалық объектінің айрықша қасиеттері мен белгілерін ашып, анықтама беру мүмкіндігі;
  • жүйелілік – педагогика ғылымының ұғымдық аппаратындағы ұғымның орнын айқындау.
  • Әрбір зерттеу ұғымдық жүйеде көрініс табатын тұйықталған педагогикалық білім жүйесінің шеңберінде жүргізіледі. Жүргізіліп жатқан зерттеу пәніне қатысты кешенді ұғымдар мөлшері тақырыптың бірқатар сипаттарына: зерттелу көлемі, мазмұны, мәні, ауқымы, өзге ғылымдарда көрініс табуы және т. б. байланысты анықталады.

Қорытынды

  • Педагогикадағы зерттеулер дегенде оқыту, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру әдістері мен теориялары, оның маңызды ұстанымдары, білім жүйесін басқару формаларының заңдылықтары жөнінде жаңа тағылым алуға бағытталған ғылыми іс-әрекеттер нәтижесі қаралады. Ғылыми зерттеулер бұрыннан танымал теорияларға сүйене отыра, тәжірибелік байқау жасауға болатын нақтылы деректерді негізге алады да, барлық элементтер, рәсімдер мен әдістердің өзара әрекеттерімен, жүйелілігімен, мақсаттылығымен ерекшеленеді. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді оның сапасы мен тиімділігі жағынан сипаттауға болады. Зерттеулердің сапалылығы ғылыми өнімнің тұтыну құндылығымен тығыз байланысты. Барлық тұтыну құндылықтарының пайдалы жағын бағалау үшін зерттеу нәтижесінде алынған теориялық және практикалық қағидалар жиынтығына, оның сапасына сүйенеміз. Зерттеу сапасы оның нәтижесінің жаңашылдығымен, өзектілігімен, теориялық және практикалық маңыздылығымен анықталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 1. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу құралы)-Алматы, 2016. 2. Бабаев, С. Б. Жалпы педагогика [Текст] : оқулық / С. Б. Бабаев. — Алматы : NURPRESS, 2013. — 227, [1] б. 3. Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Берикханова А.Е. Педагогика. Оқулық. – Алматы: 2017.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет