Тақырыбы: Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Орындаған: Төленді Алтынай Ғазизқызы



бет1/10
Дата27.11.2023
өлшемі105,1 Kb.
#129882
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Коммерциялық емес акцционерлік қоғам «М.АУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» «Тарих және педагогика» факультеті «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

Тақырыбы: Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері.

Орындаған: Төленді Алтынай Ғазизқызы

Тобы: МТП-23-2нк

Қабылдаған: Абжанова Сабилья Сарсенбаевна

Жоспары:

  • I. Кіріспе
  • II. Негізгі бөлім
  • 2.1. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері.
  • 2.2. Педагогикалық зерттеулердегі терминдер, ұғымдар және категориялар.
  • III. Қорытынды
  • IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

  • Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру. Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс. Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы. Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады. Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет