1. Салықтар: 1. Корпорациялық табыс салығы
2. Жеке табыс салығы
3. Қосылған құнға салынатын салық
4. Акциздер
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы
7. Әлеуметтік салық
8. Жер салығы
9. Көлік құралдарына салынатын салық
10. Мүлік салығы
11. ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі
2. Алымдар: 1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалынған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
8. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
9. Автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы
10. Аукциондардан алынатын алым
11. Консулдық алым
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым
13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені ұщін алым
3. Төлемақылар: 1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы
7. Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы
4. Мемлекеттік баж
5. Кеден төлемдері:
1. Кеден бажы
2. Кеден алымдары
3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы
4. Алымдар
Салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдердің сомалары тиісті қаржы жылына арналған "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде" және "республика бюджеті туралы заңда" көзделген нормаларға сәйкес тиісті бюджеттердің кірістеріне енгізіледі.
Осылайша, Қазақстанның салық жүйесі салықтық және басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді. Салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар ҚР Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі органдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінен және жергілікті салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, Астана және Алматы қалалары, аймақаралық салық комитеттері, дек-дек қалаларындағы аудандар, қалалар және аудандар бойынша салық комитеттері, сондай-ақ қаржы полициясының бөлімшелері кіреді.
Салық қызметі органдары салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын аударудың толықтығы мен мерзімдерін, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін салықтық тексеру жүргізеді.