Тақырыбы: Сақ тайпасы Дайындаған: Қуандық Аида Тобы: дов – 101


Діни нанымдары мен ғұрыптары



бет3/3
Дата17.10.2022
өлшемі79,01 Kb.
#43721
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Аида Қуандық ОСӨЖ

Діни нанымдары мен ғұрыптары

  • Діни нанымдары мен ғұрыптары
  • Сақтардың әлем құрылымы жағынан үш түсінігі бар. Олар: аспан әлемі, жер әлемі және жер астында әлем бар деп сенген. Сақтардың түсінігінде әлемнің төрт бұрышы оң, сол, артқы және алдыңғы жағы болған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген. Бұлар - күн, қанатты пырақтар және 4 алтын жебенің суреті. Бұл Құдайдың әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналады.
  • Мәдениеті
  • Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз - түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат Күнмен, отпен байланысты болған.

Қолөнер кәсібі

  • Қолөнер кәсібі
  • Сақтарда қолөнер ісі жақсы дамыған. Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады. Зергерлер алтын, күмісті балқытып, қалыпқа құюмен айналысты. Зергерлік өнерде ағаштан ойып жасалған бейнелер мен сәндік бұйымдарды алтынмен аптау ісі жақсы дамыған. Түрлі түсті сердолик, халцедон, ағат, ақық сияқты тастардан сақ шеберлері әшекей бұйымдарды жасаған. Асыл тастардан көз салынған алқа, сақина-сырғалар, өңіржиектер мен белдіктер жасалған. Ұсталар тастан, саздан жасалған қалыптарды пайдалана отырып, қазандарды құйды, қару-жарақ соқты. Атты әскерлерге қажетті семсерлер мен найзалар, қанжар, жебе ұштарын дайындады.

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет