●“Сақтар – садақпен, қылышпен, сауытпен, жез балтамен қаруланған тамаша атты және жаяу әскерлер; ұрыстарда алтын белдік тағынып, алтын таңғыш байлап жүреді. Аттарының жүгендері, тізгендері де алтынмен әшекейленген. Оларда күміс жоқ, темір аз, ал жез бен алтын көл-көсір.” (Страбон, ежелгі грек географы, тарихшы)
●“Сақтардың арасында еш қызғаныш, ауыр ұрыс-керіс жоқ. Ешкім де ешкімді жек көрмейді, керісінше, мүмкіндігі келгенше бір-біріне көмектеседі және қолдау білдіреді. Олар өзара дос және азық-түліктерінің аздығына қарамастан, бір-бірімен шын пейілдерімен бөліседі.” (Плано КАРПИНИ, итальян саяхатшысы)
●“Олармен еуропалық патшалықтар да теңдесе алмайды. Тіпті Азияда да скифтерге жеке-дара қарсы тқра алатын халық жоқ.” (Фукидид, ежелгі грек тарихшысы)
Кир әскерінің басып кіруі
Кир әскерінің басып кіруі
Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Бұд кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис "әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ" деп жазады Рим тарихшысы Помпей Трог.Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Томирис парсылардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді. Кир әскерін өзеннен өткізіп, біршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол қулық ойлады: әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Спаргапис жаудың соңынан қуып, тәжірибесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалады. Баласының қайтыс болғанын естіп, Томирис қалың әскермен Кир жаққа аттанады.
Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Бұлар:жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилепс — патша деп атаған. Патшаның белгісі - жебелі садақ.
Ауыл шаруашылығы:
Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан.Жылқы өсірген. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған.Түйе шаруашылығы да кең дамыды.Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдария алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.