№1 1. Ояну Қандай ғажап керемет, Әсем есік ашылды. Түрлі - түсті бояулар, Аспанда жайылып шашылды Ұйқым шайдай ашылды -қол белде: басты оңға, солға, алға, бұру. -кезекпен оң қолды және сол қолды кезекпен көтеру. -оң жаққа және сол жаққа бұрылу. - қолды аяқ ұшына жеткізу, бастапқы қалыпқа келу. 2. Гимнастикалық жолдан жүру Табанды шынықтыру массажы Таяқтарды жылжытып, Массаж жасау білеміз. Он аяққа 1-2-3, Сол аяққа 1-2-3. Массаж жасау білеміз. Арнайы жолдармен жүреміз. 3. Тыныс алу жаттығулары
Қолға шарды аламыз, Қатты, қатты үрлейміз. Уф-ф-ф, Уф-ф-ф... Қатты үрленген шарларды Кейде жарып аламыз «Шар жарылды»
4. Жуыну жолдары Сылдырлайды мөлдір су Мөлдір суға қолың жу Жуынсаң сен әрдайым Аппақ бетің маңдайың №2. 1. Ояну Балапандар тұрайық Көзімізді ашайық Жан-жаққа біз қарайық Бір күлімдеп алайық. - Кереуетте жатып, аяқ – қолдарын жоғары көтеру кезекпен. - Керуетте жатып велосипед тебу. - Қолды алға созып, қайшылап қозғалту.
2. Гимнастикалық жолдан жүру Алашадан жүрейік Жүрісті біз түзейік Шымыр болып шынығып Тез-тез басып өтейік 3. Тыныс алу жаттығулары Шарларды мен сүйемін Онымен ойнап жүремін Қызыл, жасыл шарларды Үрлеуді мен білемін. «Шар үрлеу» 4. Жуыну жолдары Салқын суды сүйеміз Шымыр болар денеміз Сумен күнде жуынып