Тақырыбы: Сандарды, шамалар мәндерін есептерді салыстыру



Дата07.01.2022
өлшемі16,19 Kb.
#17909
түріСабақ
Байланысты:
көп таңбалы сандар



Тақырыбы:Көп таңбалы сандар
Мақсаты: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру , разрядтық қосылғыштарға жіктеу дағдыларын бекіту.

2. Ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

3. Еңбек , адамгершілік,ұйымшылдық тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ

Әдісі:


Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.

-Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. бізге бүгін қонақтар келді. Өзіміздің қандай екенімізді, білімімізді көрсетейік.

- Психологиялық дайындық

-Балалар , бір-біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар

Мен бақытты баламын

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда

Осы жылуымды жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді, білімді алғыр болғым келеді.

Ал енді құрметті оқушылар қазір бізде қай жыл мезгілі?

Күз.


Күзде біз қандай мерекелерді тойлаймыз?

Дұрыс. 1 қыркүйек жаңа оқу жылы, қарттар күні және де сендерді оқытып ,білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар мерекесі

Ендеше, біз бүгінгі сабағымызды сол ұстаздарымыздың мерекесіне сыйлық дайындауға арнаймыз.Әрине сыйлықты біз өз ойымызбен , білімімізбен дайындаймыз.

Ендеше біздің бұл сыйлығымыз қандай сыйлық болды екен? Оны білу үшін үйге берілген тапсырманы тексерейік.

( Слайд №1)

Ендеше сабағымыздың тақырыбымен де таныса кетейік(Слайд №2) Күнді жазу. Көркем жазу.

. Енді осы тортты дайындауға қажетті заттарды білу үшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек. Математикалық диктант орындау. (7 тапсырма) Слайд№3

. Енді біз бұл тоқашты дәмді ,әрі тәтті етіп әзірлеу үшін мынадай мақсатқа жетуіміз керек. Слайд №4

ал, енді тортты әзірлеуге кірісейік. Алдымен пешке біраз су қайнатып қоямыз. Жеке ыдысқа алдымен 2 ас қасық бал , 200г маргарин майын,200г қант салып, су буында аластарамыз. Бұл қоспамыз сұйық болып араласқанша біз оқулығымыздың 35 бетін ашып №1 есепті қарайық.

Келесі 2 жұмыртқаны салып араластырамыз, бұл жақсылап араласу үшін №2- ші есепті қарайық. (өздік жұмысы, жұптық тексеру) карточкамен жұмыс

Енді жұмыртқамыз жақсылап араласты, оған енді 2 шымшым ас содасын салып жақсылап араластырамыз. Ол араласқанша біз мына тапсырманы орындайық

№3 есеп


Келесі осы қоспамызға 3 стакан ұнды бірден емес кезекпен араластырып отырп саламыз да, қолымызбен жұмсақ қамыр илейміз. қамыр біраз тынғанша оқулықтағы №5-ші есепті ауызша шығарайық.

Енді қамырды домалақтап бөліп-бөліп алып, әрқайсысын дөңгелек етіп жаямыз. оларды жайып болғанша №6 -шы тапсырманы орындаймыз.

Пешті 200 градусқа қойып қыздырып дөңгелектерді кезек-кезек пысыра бастаймыз. Ол пысқанша №7-ші есепті шығарамыз.

Пісіп шыққан дөңгелектерге крем жаға отырып, бірінің үстіне бірін қоямыз. Кремі әбден сіңгенше біз №8-ші есепті топқа бөлініп орындаймыз.

Енді шет-шеттерін әдемілеп кесу үшін біз үйге тапсырма аламыз. Міне, тәтті тоқашымыз дайын болған сияқты, енді үстіне печенье мен шоколадты үккіштен өткізіп себеміз. Осымен тортымыз аяқталды. Осы тортты пысыруда өз білімдерін көрсеткен оқушыларға баға

Математикалық диктант


  1. Екінші кластың 70 бірлігі және бірінші кластың 690 бірлігі бар санды жаз;




  1. Бірінші кластың 22 бірлігі және екінші кластың 107 бірлігі бар санды жаз;



  1. Екінші кластың 5 бірлігі және бірінші кластың 400 бірлігі бар санды жаз;




  1. Бірінші кластың 9 бірлігі және екінші кластың 3 бірлігі бар санды жаз;



  1. Екінші кластың 8 бірлігі және бірінші кластың 0 бірлігі бар санды жаз;




  1. Екінші кластың 300 бірлігі және бірінші кластың 0 бірлігі бар санды жаз;



  1. Екінші кластың 702 бірлігі және бірінші кластың 40 бірлігі бар санды жаз;


Жауаптары:
1. ( 70690 ); 2. ( 107022 );

3. ( 5400 ); 4. ( 3009 );


5. ( 8000 ); 6. ( 300 000 );
7. ( 702040 );

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет