Тақырыбы: Сәбит Мұқановтың романдары



бет6/7
Дата12.08.2022
өлшемі3,37 Mb.
#38128
1   2   3   4   5   6   7

Өмір мектебі — жазушы Сәбит Мұқановтың 3-томдық мемуарлық роман Кітаптың алғашқы тараулары «Менің мектептерім» деген атпен 1930 жылы жарияланды. 1941 жылы жеке кітап болып басылды. Мұқанов бұл кітапты қайта жазып, толықтырып, «Өмір мектебі» деген атпен (бірінші мен екінші томдарын 1955 жылы, үшінші томды 1964 жылы) жариялады. Шығарма — халықтың жарты ғасырға жуық өмірінің: еркіндік, теңдік жолындағы күресінің, еңбек, білім алу жолындағы тынымсыз аттаныстары мен ізденістерінің біртұтас суреті. Трилогияда ескі қазақ аулындағы діни наным-сенімдер, араб жазуының ерекшеліктері, ескіше жыл атаулары, төрелердің шежіресі, «ақтабан шұбырынды» оқиғасы, кейбір қалалардың салыну тарихы т.б. жөнінде кейде өз атынан, кейде басқа біреулерді сөйлету арқылы ұзынды-қысқалы сан-алуан мəлімет береді. Сын-зерттеу еңбектерінде осының көпшілігі оқырмандар назарын негізгі оқиға желісінен аулақ əкететін артық дүние делініп жүр. Дегенмен ол əңгіме-баяндаулардың өткен кездің сыр-сипаты, əдет-ғұрпы, ұғым-түсініктерінен келер ұрпаққа азды-көпті мағлұмат беру қызметін атқарып тұрғаны даусыз


«Өмір мектебі» романы

Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Омбының, Ленинградтың (Санкт-Петербор) мұрағаттары мен кітапханаларында болып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинаған. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Шоқан Уәлиханов» пьесасы мен «Жарқын жұлдыздар» атгы зерттеу еңбегі туды. Сәбит Мұқанов өмірінің соңғы жылдарында Шоқан өмірінен «Аққан жұлдыз» романын жазып, оның екі кітабын шығарған. Жазушы 4 том ретінде жоспарлаған бүл роман аяқталмай қалған. Ол осы тақырыпта "Ш.Уалиханов", "Қашқар қызы" деген пьесалар да жазды. романды ол үш том етіп, кең көлемде жоспарлаған. Онда Шоқанның ата-бабасы, ол дүниеге келмей тұрған кездегі қазақ тарихына қатысты мәліметтер де мол қамтылады. Оның балалық, жастық шағын, оқып, қоғамдық іске араласуын тәптіштеп ұзақ суреттейді. Шығармада қазақ-орыс қатынасының жиілеуіне байланысты оқиғалар, патшалық Ресейдің ел билеу жүйесіне кіруі, оған қатысты адамдар тағдыры жайлы мәліметтер де мол.

  • Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Омбының, Ленинградтың (Санкт-Петербор) мұрағаттары мен кітапханаларында болып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинаған. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Шоқан Уәлиханов» пьесасы мен «Жарқын жұлдыздар» атгы зерттеу еңбегі туды. Сәбит Мұқанов өмірінің соңғы жылдарында Шоқан өмірінен «Аққан жұлдыз» романын жазып, оның екі кітабын шығарған. Жазушы 4 том ретінде жоспарлаған бүл роман аяқталмай қалған. Ол осы тақырыпта "Ш.Уалиханов", "Қашқар қызы" деген пьесалар да жазды. романды ол үш том етіп, кең көлемде жоспарлаған. Онда Шоқанның ата-бабасы, ол дүниеге келмей тұрған кездегі қазақ тарихына қатысты мәліметтер де мол қамтылады. Оның балалық, жастық шағын, оқып, қоғамдық іске араласуын тәптіштеп ұзақ суреттейді. Шығармада қазақ-орыс қатынасының жиілеуіне байланысты оқиғалар, патшалық Ресейдің ел билеу жүйесіне кіруі, оған қатысты адамдар тағдыры жайлы мәліметтер де мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет