Тақырыбы: Ш. Уәлиханов және оның шығармашылығы


Шоқан Уәлиханов туралы пікірлер



бет3/6
Дата16.12.2023
өлшемі310,78 Kb.
#140076
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6

Шоқан Уәлиханов туралы пікірлер:


▶ Кадет корпусында бірге оқыған досы, этнограф-ғалым Т.Н.Потанин:
"Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар-ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды"
▶ П.П.Семенов-Тянь-Шанский:
«Ш.Уалиханов–ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді»
▶ Н. М. Ядринцев
«Шоқан өз халқын сүюден айныған жоқ. Оның арманы –еуропалық ағартушылықты
және халықтық қасиетті сақтау»,
- деп жазды

Шоқан Уәлихановтың еңбегі


▶ Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.
▶ Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.
▶ Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған. Ш. Уәлиханов артына үлкен ғылыми және әдеби мұра қалдырды. Өзінің қысқа, бірақ жарқын ғұмырында ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, географиясы мен этнографиясына арналған бірқатар еңбектер жазды, сонымен қатар қоғамдық-саяси тақырыптағы едәуір еңбектердің авторы болды. Ол энциклопедиялық ой-өрісі дамыған, заманауи ғылымда бірқатар мәселелерді жаңаша қарастыра білген ірі ғалым. 1854 жылы ол Орталық Қазақстандағы бірқатар сәулет ескерткіштерін зерттеп, Жетісуда Ұлы жүз қазақтарының аңыздары мен дәстүрлерін жазды. Әр экспедицияларында сайын даланың ежелгі қалаларын зерттейді, көне монеталардың коллекцияларын жинақтайды, жартастағы суреттердің, балбал тастардың және Жошы хан, Домбауыл, Қозы Көрпеш – Баян Сұлу, т.б. сәулет ескерткіштерінің кескіндерін салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет