Тақырыбы: Ш. Уәлиханов және оның шығармашылығы


Шоқан Уәлихановтың психологиялық көзқарасы



бет6/6
Дата16.12.2023
өлшемі310,78 Kb.
#140076
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6

Шоқан Уәлихановтың психологиялық көзқарасы


▶ Шоқанның алдына қойған мақсаты өз халқының өмірін және зерттеп, кең даласы мен дарқан халқын берісі орыс, әрісі Европа жұртшылығына таныстыру еді. Ол қазақтардың рухани байлығын цивилизациясын аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды.
▶ Енді бір еңбегінде ол былай деп жазады:
«Түрік тектес халық тардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ 1-ші орын алады деуге болады. Біздің шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың арабтар туралы айтқан сөзі қазақтарға дәл келеді.
Қазақтарда бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын».
▶ Ш.Уәлихановтың пікірінше, халықардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілерінің бірі – сол
халықтың тіл байлығы, сөз (байлығы) өнері, шешендік қасиеттері.
▶ Ғалым Шығыс-Түркіснады мекендеуші көптеген халықтардың (қырғыз, түркімен, өзбек, қытай, т.б.) психологиялық ерекшеліктерін, олардың әрқайсысына тән әдет-ғұрып салт-дәстүрлерін өте білгірлікпен көрсете біліп, бұларды ерекше дәріптемей психологиялық жағынан бір-бірімен тең түсіп отыратындығын айта келіп томағай – тұйықтық көзқарасқа да соққы беріп отырды.

Шоқан және Абай Құнанбаев

▶ Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады.

▶ Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай

көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің,

жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды.

▶ Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді.


Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған.
Зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болды. Ол ауылда, туыстары мен достарының арасында жүріп, Сырымбеттің, жаз жайлау мен мекен-қоныстардың суреттерін салумен шұғылданды. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан «корпустан елге, отпускіге барғанда язмыш суреттер», яғни «корпустан елге, демалысқа барған кезде салған суреттер» деп атады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет