Гиероглифтер – қабат бетіндегі бедер таңбалар. Олардың ішінде биоглифтер жəне механоглифтер бөлінеді. Биоглифтер су түбіндегі организмдердің тіршілік əсерінен, ал механоглифтер ағындардың əрекетінен пайда болады.
Биоглифтер – құрттардың,қосжақтаулылар мен иінаяқтылардың жəне басқа организмдердің тұнбадағы іздері. Бұл іздер қабат бетінде бұтақ пішіндес қуыстар болып көрінеді.
Құмтас қабатының табанындағы механоглифтер.Стрелка палеоағынның бағытын көрсетеді.
Теңіздің жоғарғы жағында өмір сүрген омыртқасыздардың іздері-биоглифтер
Тасберіш(конкреция) - шөгінді таужыныстарға тəн бітім. Тасберіштер деп шөгінді таужыныстардағы құрамы олардан басқа аутигендік минералдардан тұратын жаңа түзілімдерді айтады. Олар шар, сопақ, линза тəрізді немесе дұрыс пішінсіз болады. Тасберіш болып фосфаттар, кальцит, опал, халцедон, темірдің сулы оксидтері кездеседі. Олардың ішкі құрылысы центрлес қабатшалар, тарамдалған сəулелі, кейде түйірлі болып келеді. Тасберіштер шөгінді таужыныстың қалыптасу процесінде, оның эпигенездік өзгеруінен заттың бір жерге шоғырлануының нəтижесінде пайда болады. Олар диагенездік, кейде сингенездік те болады.