Тақырыбы: Шөгінді таужыныстардың құрылымы мен бітімі



бет11/27
Дата11.03.2022
өлшемі11,52 Mb.
#27595
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
Шөгінді таужыныстардың бітімдері мен құрылымдары

Кебу жарықтары.

  • Кебу жарықтары. Сазды жəне карбонатты тұнбалар кепкенде көлемі кішірейіп, оларда көп бұрышты тор тəрізді жарықтар пайда болады. Жарықтардың тереңдігі бірнеше см-дей болады. Олар желмен əкелінген материалмен толып, олардың іздері қабаттың үстіңгі бетінде сақталады. Мұндай жарықтарды шөл даладағы тақырларда кездестіруге болады. Кебу жарықтарының пайда болатын ең қолайлы жағдайы - ол ылғалды жəне қуаң кезеңдердің ауысып отыруы.

Құмайттас пен құмтастың бетіндегі кебу жарықтары

Тұз, мұз кристалдарының, бұршақтың, жаңбыр тамшыларының таңбалары.

  • Тұз, мұз кристалдарының, бұршақтың, жаңбыр тамшыларының таңбалары. Жаңбыр тамшылары мен бұршақтың іздері саз бен құм қабаттарының беттерінде кездеседі. Олар диаметрі бірнеше мм, шеттері көтеріңкі дөңгелек ойықтар болып көрінеді. Сол сияқты қабат беттерінде тұз кристалдарының, ине тəрізді мұз кристалдарының да таңбалары сақталады. Мұндай таңбалар бойынша тұнбалардың қалыптасуы жəне климат жайы туралы да мəлімет алуға болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет