Тақырыбы:Сыбайлас жемқорлық ұғымы және түсінігі
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА, БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
Жоспары: - КІРІСПЕ
- Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасы.
- Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы.
- Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұру.
- ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ - Сыбайлас Жемқорлық, (коррупция) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.
- Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.
Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасы
Жемқорлық ұғымына этимологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, жемқорлық, яғни коррупция латынның «corruptio» деген сөзінен шыққан, аудармасы «сатып алу», «пара беру». Сонымен қатар, Рим құқығында «сындыру, бүлдіру, бұзу, зиян келтіру, сатып алу» ретінде түсіндірілетін және де тиісінше заңға қарсы келетін әрекетті «corrumpire» ұғымымен белгілеген.
Жемқорлық жасалу түрлеріне қарай екіге бөлінеді.
жекелеген лауазымды қызметкерлер және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет
бірнеше лауазымды қызметкерлердің бірігіп жасаған жемқорлық қылмысы – сыбайлас жемқорлық деп аталады
Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы.
Ежелгі дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары (біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр). Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі.
Егер судья істі талқылап, шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе, онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп, сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс
Егер адам құдайдың затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуі тиіс» Ежелгі Үндістанда біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасыр мен біздің эрамыздағы ІІ ғасыр арасында брахман мектептерінің бірі құрастырған Ману Заңдары ежелгі үнді құқығының ескерткішін, брахманизмнің діни және этикалық догматтарына сәйкес үндістердің жеке және қоғамдық өміріндегі мінез-құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің жинағы білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі бойынша өсиеттерді қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұра аламыз?
1.Пара бермеу және алмау.
2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.
3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басты басымдықтарының бірі ретінде айқындалған ТМД елдері арасында бірінші Қазақстанды әзірледі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын қабылдады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа байланысты туындайтын қатерлерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк, қоғамдық жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, лауазымды және басқа да адамдардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |