Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық тарихы


ІІІ. Қазақ халқы арасында парақорлық, жемқорлық сияқты жағымсыз құбылыстардың пайда болуы



бет3/4
Дата27.10.2022
өлшемі52,37 Kb.
#45656
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат бизнес

ІІІ. Қазақ халқы арасында парақорлық, жемқорлық сияқты жағымсыз құбылыстардың пайда болуы.

Ресей отарына айналғанша, дәстүрлі қазақ қоғамында жемқорлықтың етек жаюына алғы шарттар қалыптаспаған еді.


«Көшпелі қазақ қоғамының саяси - әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық билік бидің қолында болды. Ауыл арасында жанжалдасқан немесе дауласқан адамдар арадағы дауды шешу үшін, сол ауылдағы қазақтың ғұрыптық заңдарын жақсы білетін, өзінің әділдігі, шешендігімен көзге түскен кез келген адамға жүгінуге құқылы болды. Даудың әділдігі күмән тудырған жағдайда дауласушы тараптар басқа билерге жүгінді. Осылайша, түйіні қиын дауларды әділ шешкен бидің атағы елге жайылып, абыройы арта түсті. Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне араласу құқығынан айырылды». «Билердің әділетсіз шешіміне шағым жасау ілуде бір рет, өте сирек кездесетін. Би дұрыс үкім шығармаған жағдайда өзінің абыройы мен беделінен жұрдай болып, би атағынан айырылып қалатын. Би өзінің сіңірген еңбегі үшін «бидің билігі» деген сыйақы алатын. Ол кінәлі жақтын есебінен өндірілетін. Сыйақының мөлшері дауда өндірілетін мүліктің оннан бір бөлігіне тең болатын». «Елдестірмек-елшіден, Жауластырмақ -жаушыдан», «Кілемге бергісіз алаша бар,Ханға бергісіз қараша бар», «Тура биде туған жоқ,Туғанды биде иман жоқ», «Туғанына бұрғаны-Биді құдай ұрғаны», «Төбе би де өзіміз,Төре би де өзіміз. Қисық болса сөзіңіз, Құрулы тұр тезіміз» деген мәтелдер сөзіміздің айғағы.
Ресей империясының 1822,1824, 1867-1868, 1886-1891 жылдардағы Қазақстандағы жүргізген реформаларының ең басты мақсаттарының бірі, қазақ қоғамының ғасырлар бойы қалыптасқан саяси - әлеуметтік құрылымын ыдратып, жойып жіберу болды.
Қазақ жері мен Түркстанды әкімшілік басқару реформаларының жобасын жасау бойынша Ресей Әскери Министрі Д.А.Милютин басшылық еткен комиссия 1867 ж. 11 тамызда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының Далалық облыстарын басқарудың уақытша Ережелері» деген құжатты жасады. Дала комиссиясы жаңа болыстықтар мен ауылдардың әкімшілік жобасын дайындай отырып, дәстүрлі басқару институттарының саяси қаупін бір сәтке де естен шығармады. «Орыс зерттеушісі А.К.Гейнс «Үкімет күштеріне қарсы тұрмас үшін, ең алдымен қырғыз халқының сайланбалы билігін біртіндеп жою, қырғыз халқын өз билеушілері мен рулық құрылысқа негізделген өмір салтынан ажырату қажет» -деп жазды.
1867-1868 ж.ж. реформалардың (Уақытша Ережелердің) ең негізгі мақсаты – қазақ жерін Ресейдің өзге де аймақтарымен ара-жігін білдірмей қосып жіберу үшін Ресейге бағынышты басқа ұлыстармен бір басқару жүйесіне біріктіріп, жергілікті атқамінерлердің ықпалын барынша әлсірету, оларды биліктен аластау, рулық құрылысты біртіндеп жойып, орыстандырып, шоқындыру болды... «1867 жылғы заңға сәйкес, қырғыздардың рулық құрылысын ыдырату мақсатында ірі руларды бір басшының қол астына берудің қауіптілігі ескеріліп, көшпелі тұрғындарды болыстықтар мен ауылдарға бөлу қарастырылды».
«1868 ж. Сырдария облысы әскери губернаторының пәрменімен Шымкент уезінде болыстық басқармалар ұйымдастыру бойынша комиссия құрылды.
Комиссия төрағасы титулярлық кеңесші Е. Савенков, мүшелері - ротмистр Адеркас, сотник Герасимов, капитан Терейковский аудармашысы прапорщик Сырттанов болды.
Бірнеше ай ішінде комиссия ауылдарды аралап қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің күшті және нәзік тұстарын анықтап, тексеру қорытындысын басшыларға тапсырады.Тіпті, Шымкент уезін мекендейтін ең үлкен 2 тайпаға қисынын келтіріп бірін асыра мақтап, екіншісін «басын жерге жеткізе тұқыртып» дегендей, «этнографиялық» сипаттама беріп, екі тайпаның арасына «шоқ» тастауды да ұмытпайды»
Жергілікті (қазақ) халық өкілдері мемлекеттік - әкімшілік басқарудың ең төменгі сатысына ғана жіберілді. Болыстықтарға ру аты берілгенмен, болыстықтар шаңырақ санына қарай жасақталды. Ал, рудағы шаңырақ саны мен болыстықтағы шаңырақ саны сай келуі мүмкін емес еді. Яғни, бір рудың өз болыстығына «сыймай қалған белгілі бір бөлігі мәжбүрлі түрде өзге рудан жасақталған болыстықтың құрамына кіргізілді. Бұл өз кезегінде болыстықтағы негізгі рудың аз атаға, көші-қон немесе суармалы жерлерді бөлу барысында және т.б. жағдайларда әлімжеттік жасауына кеңінен жол ашты.
Болыс басқарушысына (әсіресе, алым-салық жинау) берілген салыстырмалы түрдегі үлкен құқықтар болыс сайлауын бәсекелес топтар арасындағы, заңды түрдегі үгіт-насихат жұмыстарымен бірге, сайлаушылар дауысын сатып алу немесе қоқанлоққы жасау, бопсалау, уезд бастығына пара беру секілді толып жатқан заңсыз әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылатын жан аяспас күреске айналдырды.
Ал, сайлау тағдырын сайлауға міндетті түрде қатысатын уезд бастығының пікірі шешті. Әдетте, пара, сый-сияпат алған уезд бастығының үміткерлердің бірімен ымы-жымы бір болды.
Ендігі жерде, өз әділдігімен, көрегендігімен, шешендігімен және тағы басқа асыл қасиеттерімен халық арасынан өсіп шығатын билер әлдекімдердің ойлап шығарған «шар тастап сайлау» арқылы сайланатын болды.
Осылайша, мыңдаған жылдар бойы қазақ халқының әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірін реттеп келген билер институтына күйрете соққы берілді .
XIX –ғ. екінші жартысынан бастап қазақ жеріне қоныстана бастаған Ресейлік келімсектердің маскүнемдік, парақорлық, жағымпаздық т.с.с. жағымсыз әдет-ғұрыптарын қазақ халқы да бойларына сіңіре бастады.

Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті.


Дамыған елдерде (Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады.
ХХғасырдың екінші жартысында «үшінші әлем» елдері саяси дербес ел болып дамыған кезде, олардың мемлекеттік аппараты алғашқы кезден бастап сыбайлас жемқорлық жолына түскен еді.
«Үшінші әлем» елдерінде «төменнен жоғары жаққа қарай» сыбайлас жемқорлық түрі кездеседі, бұндай жағдайда парақор басшы өз кінәсін мойындамай, қарамағындағы қызметкерлерді жазаға тартады. Сондай-ақ «жоғарыдан төменге қарай» сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай жағдайда жоғары қызметте тұрған шенеуніктер ашық түрде пара алып, алған парасымен қарамағындағы қызметкерлермен жартылай бөліскен (сыбайлас жемқорлықтың осындай жүйесі Оңтүстік Кореяда байқалады).
«Үшінші әлем» елдерінде (Филлипинде, Парагвайда, Гаитиде, Африканың кейбір елдерінде) клептократиялық тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық барлық әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты қамтыған және пара бермесе ешбір іс орындалмайды. 1990 жылдары сыбайлас жемқорлық мәселесі аса өзекті мәселеге айналды. Осы кезде бұрынғы социалистік елдерде сыбайлас жемқорлық аса үлкен қарқынмен дамыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет