Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық тарихы


ІІ. Ежелгі дүниедегі және ортағасырлардағы жемқорлық және онымен күрес тарихы



бет2/4
Дата27.10.2022
өлшемі52,37 Kb.
#45656
түріРеферат
1   2   3   4
ІІ. Ежелгі дүниедегі және ортағасырлардағы жемқорлық және онымен күрес тарихы.

Жемқорлықтың алғаш пайда болуының тарихы тым тереңде жатыр.Ежелгі Вавилон мұрағатында - кескінін тапқан мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жемқорлық туралы алғашқы еске алу б.э. дейінгі XXIV ғасырдың екінші жартысына жатады.


Шумерлар мен семиттер дәуірінде Лагаш Патшасы (ежелгі қала - қазіргі Ирак жерінде Шумердегі мемлекет) Урукагина шенеуіктер мен судьялардың өздерінің қызметтерін теріс пайдалануының алдын алу, сондай-ақ, патша әкімшілігі жағынан храм қызметкерлерінен заңсыз марапаттарды қорқытып алушылықты азайту, рәсімдер үшін төлемдерді азайту мақсатында мемлекеттік басқаруды құрды.
Жемқорлық түсінігі әдетте лауазымды тұлғаның өзінің өкіметтік құзыретін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын заңнама мен моральды белгілерге қарама-қайшы келетін өзінің пайдасы үшін пайдалануды білдіретін термин.
Оның тарихи тамыры көздеген мақсатқа әуре-сарсаңға түспей жету үшін сыйлық жасау әдетінін шығады. Бағалы сыйлық адамды басқалардың арасынан ерекшелендіріп тұрды және оның өтінішінің орындалуына көмек болды. Сондықтан алғышқы қауымдық құрылыс кезеңінде тайпа көсемдеріне төлем төлеу қалыпты жағдай болды.
Кейіннен мемлекеттік аппараттың күрделіленуі мен орталық үкімет билігінің күшеюі барысында басшылардың ойы бойынша тек белгіленген қызметақыға шүкіршілік етуге міндетті мемлекеттік шенеуіктер пайда болды. Олар өз кірістерін жаалақыдан анағұрлым көбейту үшін өздерінің қызмет өкілеттіктерін пайдалануға тырысты.
Жемқорлық туралы жан-жақты мәліметтер антикалық мұрада да бар. Ұлы ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель өздерінің жұмыстарында өкіметтің қызметтерін теріс пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және діни өміріне бұзушылық әсері жөнінде айтқан. Мысалы, Аристотель «Саясат» атты өзінің еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті апатқа әкелмесе, қайта тууына әкелетін маңызды фактор деп көрсетті. Мұндай қайта туудың мысалына монрахияның тираньға айналуы жатады.
Аристотельдің кепілдемелерінің кейбіреулері ежелгі Афина тәжірибесінде пайдаланылды Нәтижесінде Афинада әрбір азаматқа қалай өмір сүріп отырғаны жөнінде есеп беруді міндеттейтін заң дүниеге келді.
Парақорлық XIII ғасырдағы орыс жазбаларына да арқау болған. Сыбайлас жемқорлық әрекетіне мемлекеттік дәрежеде алғаш мемлекеттік дәрежеде III Иванға тыйым салды. Ал 1561 жылы Иван Грозный жергілікті басқарманың сот шенеуіктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы тағайындау туралы Жарлық шығарды.
Патша А.Романов тұсында -1648 жылы Мәскеуде екі парақор «министр» - Плещеев пен Траханиотов халық алдында қатаң жазаға тартылды.
Парақорлық және қызметін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы сұрақтар 1649 жылы қабылданған құқықтық жинақтарда шешімін тапты. Оның 5 және 7 баптарында сот органдары ның лауазымды тұлғаларына сыйлық алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ал 6 бап пара алғаны үшін жауапкершілік тартуы тиіс субъектілердің тізімін көрсеткен, яғни оларға сот шенеуіктері атқаратын қызметті атқаратын тұлғалар жатқызылған.
Реформатор патша I Петр кезінде сыбайлас жемқорлық пен қатар патшаның онымен қатал күресі тәсілі де жарысы жүргізілді. I Петр мемлекеттік қызметте ерекше қатал тәртіп енгізіп, жемқорлықты біржолата жоқ қылуға тырысты. Алайда, оның жергілікті жағдайды жете түсінбей бастаған шаралары түпкі нәтиже бермеді. Парақорлық пен қызметті теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында әскер басылар үшін мемлекеттік қызметке өтудің жаңа тәртібін де енгізді. Соған сәйкес лауазымды қызметке қабылданғандар жаңа жұмыс орынында екі жылдан артық уақыт бола алмайды. Бұл мерзім егер қала тұрғындарынан аталған лауаызымды тұлға өзінің міндеттемелерін орындауын жалғастыру туралы жазбаша өтініш болған жағдайда ғана ұзартылуы мүмкін.
Орта ғасырларда «сыбайлас жемқорлық» түсінігі ең алдымен қызығу, шайтанның азғыруы дегенді де білдірді. Жаңа уақыттың басталуы, Еуропада орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы сыбайлас жемқорлықтың жаңа түсінігінің дамуында жаңа кезеңді белгіледі. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық күрделі мәселе , қоғамның «ауру» белгісі ретінде қабылдана бастады.Қазақстанның заң ғылымында сыбайлас жемқорлықтың даму тарихынан қазақ даласы территориясындағы рулық қауымдастықта қабылданған әдеттегі құқық нормалары көбінесе көшпенді мәдениет қағидаларымен белгіленген дәстүрлермен алдын ала анықталғаны белгілі. Өз кезегінде Монғол хандығының қоғамдық-мемлекеттік құрылымының ережесі номад өркениетінің процесіне ерекше ықпал жасады.
Қазақстандағы құқық жүйесі негізінің бірінші кезеңін ортағасырлардың орта және кеш кезеңдеріне жатқызу қажет және датасын шартты түрде ХIVғ.- ХIХғ. бірінші жартысы деп көрсеткен дұрыс. Сол кезде оның негізгі белгісі құқықтың дәстүрлі мұсылмандық жүйесінің және монғол көшпенді мәдениетінің жай,құқықтық институтының құқықтық ережелерінің соңғыларының ықпалымен сәйкес келуі болды.
Бұл қазақ феодалдық даму формациясында өмір сүрген қазақ қоғамында сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік қазір біз қабылдап отырған күйде болған жоқ. Алайда, Қазақстанның Ресейге қосылуына дейін сыбайлас жемқорлық сыйяпаттық нысанда көріне бастады, яғни ақсүйек өкілдеріне сый беру борышы міндетті феодалдық дәстүрге айналды.
Мысалы, жәй егіншіден хандардың, сұлтандардың, билердің және де ақсүйек өкілдерінің пайдасына «ұшыр» салығы - өнімнің оннан бір бөлігі алынып отырды. Малшылар «зекет» салығын – малдың сол немесе басқа түрінің белгілі бір санын төледі. Олармен бірге феодал басшыларының пайдасына соғым немесе сыбаға түрінде табиғи сыйлар жиналды. Одан басқа, ақсүйек өкілдері мен ақсақалдарға берілетін сыйлықтардың алуан түрі болды. Мысалы, «Ордада заңи күші бар қырғыз дәстүрлерінің бейнелеуіне» сәйкес: «Соғым күзде жасалады, әдетте ол хан немесе сұлтан қыс бойы халықтың асырауында өмір сүре алуы үшін жасалады. Сыбаға соғым сияқты сондай жағдайларлы көктемде жасалады. Ордада сый-құрметке ие орда тұрғыны қандай да бір лауазымға ие болмаса да, жәй қырғыз ұсынған сый алудан бас тарта алмайды».
ХVI ғасырдың басынан бастап Қазақстанда «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын Қасым ханның заңдары әрекет етті, ол негізінен жәй құқық нормаларынан тұрды. Қазақтың жәй құқығының нормалары ХVI ғасырдың аяғында Тәуке хан кезінде «Жеті жарғы» деген атаумен толығымен жаңартылып, толықтырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет