Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық тарихы



бет4/4
Дата27.10.2022
өлшемі52,37 Kb.
#45656
түріРеферат
1   2   3   4
Қорытыныды

Сонымен қорытындылай келе,«Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады.Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» деп атап көрсетті Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті 2012 жылғы Жолдауында.


Жемқорлық туралы жан-жақты мәліметтер антикалық мұрада да бар. Ұлы ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель өздерінің жұмыстарында өкіметтің қызметтерін теріс пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және діни өміріне бұзушылық әсері жөнінде айтқан. Мысалы, Аристотель «Саясат» атты өзінің еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті апатқа әкелмесе, қайта тууына әкелетін маңызды фактор деп көрсетті. Мұндай қайта туудың мысалына монрахияның тираньға айналуы жатады.
Парақорлық XIII ғасырдағы орыс жазбаларына да арқау болған. Сыбайлас жемқорлық әрекетіне мемлекеттік дәрежеде алғаш мемлекеттік дәрежеде III Иванға тыйым салды. Ал 1561 жылы Иван Грозный жергілікті басқарманың сот шенеуіктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы тағайындау туралы Жарлық шығарды.
Патша А.Романов тұсында -1648 жылы Мәскеуде екі парақор «министр» - Плещеев пен Траханиотов халық алдында қатаң жазаға тартылды.

Осылайша, мыңдаған жылдар бойы қазақ халқының әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірін реттеп келген билер институтына күйрете соққы берілді .


XIX –ғ. екінші жартысынан бастап қазақ жеріне қоныстана бастаған Ресейлік келімсектердің маскүнемдік, парақорлық, жағымпаздық т.с.с. жағымсыз әдет-ғұрыптарын қазақ халқы да бойларына сіңіре бастады.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекітті. Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған. Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге тұтастай алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлық экономикалық және беделі жағынан тиімсіз болатын жағдайларды жасауға бағытталған.

Пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалар



  1. 8-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» оқулығы, Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. «Атамұра” баспасы 2012 ж.

  2. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. 7 сынып Мәшімбаев С.М. Алматы "Атамұра"-2007 ж.

  3. https://yvision.kz/post/704167

  4. https://www.referat911.ru/Menedjment/zhemorlyty-shyu-tarihy/348514-2774478-place1.html

https://www.ektu.kz/newsevents/2022-2026-zhyldarga-arnalgan-sybajlas-zhemkorlykka-karsy-sayasatynyn-tuzhyrymdamasy-tusindirildi.aspx



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет