Тақырыбы: «Сыңғырла, күміс қонырау!» 1-қыркүйек – Бiлiм күнi құрметiне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!»



бет1/2
Дата13.04.2023
өлшемі27,63 Kb.
#82183
  1   2
Байланысты:
дайын алғ қоңырау сцен


Тақырыбы: «Сыңғырла, күміс қонырау!»


1-қыркүйек – Бiлiм күнi құрметiне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты мереке сценариi
Тақырыбы: «Сыңғырла, күміс қоңырау!» Білім күніне арналған салтанатты жиын
Мақсаты: Білім күні мерекесінің маңызын балаларға жеткізе білу,
сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің
білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  Қазақстан туы, шарлар, плакаттар
Жоспары:

  1. Бимен ашу «Дала дидары» «Аружан» би ансамблі

  2. 1-сыныптарды алаңға шақыру; 6 мин

  3. ҚР Мемлекеттік Гимні; 3 мин

  4. Ашық деп жариялау;

  5. Қонақтарды таныстыру; 2 мин

  6. Қонақтарға сөз; 5 мин

  7. Директорға сөз; 7 мин

  8. 1 сынып оқушылары өлең оқиды 10 мин әдеби монтаж

  9. 1-сыныптың Абай, Қадыр оқуларына қатысушылар өнері 3 мин

  10. Ән: «Бейбіт ел тұрғына», ( Бейбіт Айару ) 3мин

  11. Қоңырау соғу салтанаты; 2 мин

  12. Жабық деп жариялау;



Өтетін күні: 01.09.2018
Уақыты: 09.00-09.40
Сыныптар: 1-11 сыныптар
Жүргізушілер:

8.30 – Музыка жіберу
8.50 – Сапқа тұрғызу
9.00 – фанфары жіберу

1- жүргізуші: Алдарыңызда өнер көрсеткен «Дала дидары» биімен «Аружан» би ансамблі
Қайырлы күн бүгінгі салтанатты жиынға қатысушылар!
2- жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы!
1- жүргізуші: Бармысыздар, қымбатты мектеп оқушылары!
2- жүргізуші: Қош келдіңіздер, қымбатты ата - аналар мен мереке қонақтары!
1- жүргізуші: Бүгін білім күні. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні - өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.
2- жүргізуші:Білім күні әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алатын күн болады.

  1. жүргізуші: Биылғы жыл 1 сынып бүлдіршіндері үшін тарихи оқиғаларға толы жыл

2 ж Бұл жыл – Астанаға 20 жыл
1 ж Бұл жыл «Нұр Отан» пар­тиясының жаңғыру аясында 22 жо­баны жү­зеге асыруды көздеп отыр. Оның ішін­де цифрландыру үдерісіне үлес қосуға ба­ғытталған ІТ сыныптар мен орталықтар ашу.
2 – жүргізуші: Ендеше, болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз - 1 сынып оқушыларын олардың сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырамыз.
1- жүргізуші: 1 «а» сыныбы - сынып жетекшісі Қонақбаева Альбина Қуанышқалиқызы
2 – жүргізуші:1 «б» сыныбы - сынып жетекшісі Надирова Қараша Амангелдіқызы
1- жүргізуші: 1 «в» сыныбы - сынып жетекшісі Сәрсенғалиева Анаргүл Аманжолқызы
2- жүргізуші: 1 «г» сыныбы - сынып жетекшісі Жанадилова Венера Губайдуллаевна
1– жүргізуші:1 «д» сыныбы - сынып жетекшісі Мурадимова Шаттық Каленовна
1- жүргізуші: Бүлдіршін балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр.
Сондықтан да назарды
Солар жаққа бұрайық
Балдырғанды кішкентай
Қарсы алып қол соғайық!
(Музыка ойнап тұрады, 1 сынып оқушылары кіреді.)

2- жүргізуші: Қуаныш бүгін, мереке,


Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы
Бүлдіршінге бір сәлем!

1- жүргізуші: Қымбатты 1 сынып оқушылары!


Білім ордасы - мектебімізге қош келдіңіздер! Білім еліне аттаған қадамдарыңыз құтты болсын!
Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
Білім күніне және 2018-2019 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
2 – жүргізуші:
Меклекеттік ту көтерушілер мектебіміздің озат оқушылары Қуандық Нұрберген 11 «Г» сынып оқушысы «Алтын белгіге» үміткер, Закина Альбина 11 «А» сынып оқушысы Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының І орын иегері, «Алтын белгіге» үміткер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет