Тақырыбы: «Сыңғырла, күміс қонырау!» 1-қыркүйек – Бiлiм күнi құрметiне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!»


(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалады. )



бет2/2
Дата13.04.2023
өлшемі27,63 Kb.
#82183
1   2
Байланысты:
дайын алғ қоңырау сцен

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалады. )

2- жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,


Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін
Құтты болсын білім күні - мерекең!

1- жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар!


Бүгінде қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты ту еткен Қазақ елін бүкіл әлем таниды.
2 – жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы - біздің тұтастығымыздың сарқылмас қуат көзі және Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі. «Мәңгілік Ел» - Отанға деген сүйіспеншіліктің бейнесі, қазақстандық патриотизмнің жоғарғы деңгейі.
1 - жүргізуші: Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныстырып өтейік.
2 – жүргізуші: «Гаухар жол» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бисенова Гүлнара Құсайынқызы
1- жүргізуші: Аудандық педагогикалық және психологиялық кабинетінің директоры
Ниязгалиева Аида Кимовна

1 - жүргізуші: Дәм жазса жақсылыққа кез келерміз,


Күн сайын өркендерміз, біз өсерміз.
Бүгінгі салтанатты жиналыста
Құрметпен өзіңізге сөз береміз.
Ендеше, сөз кезегі өзіңізде, құрметті Гүлнара Құсайынқызы (Қонақтың құттықтау сөзі)

2 – жүргізуші: Осындай елеулі сәттің жетегімен шәкірт бойына білім нәрін егіп, халықтық рухта тәрбиелеу басты мұратымыз деп есептейтін педагогикалық ұжымның басшысы мектеп директоры Акбасов Марат Хабиболлаұлына сөз кезегін ұсынамыз.


1 – жүргізуші: Қасиетті қазақ халқы «Бала-бауыр еті» деп баласын шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер тойларын жасаған. Ал бүгінгі бүлдіршіндеріміз 6 жасқа толып, мектептің 1- ші сыныбына қабылданып «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысу сәті. Бұл той- бүлдіршіннің білім еліне аттаған алғашқы қадамы. Олай болса, толқу үстінде тұрған Абай , Қадыр оқуларына қатысып, жүлделі орындармен марапатталған оқушыларымызды шақырамыз ( 1 сыныптың оқушылары ортаға шығады )


2 – жүргізуші: Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың


Сондықтан да ұстазыңа ұқсағын.
Адам жанын тәрбиелеп, аялар
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың.
6-ға енді келсең де,
Санап, жаза аласың
Келдің, міне, мектепке,
Құтты болсын қадамың.
Шаттанасың, ойнайсың
Білімді де ойлайсың.
Тәуелсіз елдің мейрамын
Сен де бірге тойлайсың.
(Сөз кезегі 1 сынып оқушыларында. 10 оқушы ортаға шығып алдын-ала белгіленген орындарына орналасады)

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10



  1. жүргізуші:



Орындалмай қалды қанша арманы,
Жас ақындар өнеріңді жалғады.
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады- дей келе мектепішілік, аудандық Абай, Қадыр оқуларының жүлдегерлерін ортаға шақырамыз



  1. жүргізуші:

Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,


Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей бүгінгі мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршініміз, Республикалық «Отаным- менің Қазақстан», «Өнеге» өнер және шығармашылық байқауының ІІ орын иегері Бейбіт Айарудың орындауындағы «Бейбіт ел тұрғыны» әнін қабыл алыңыздар.

1 – жүргізуші: (Музыка ойнап тұрады.)


Күмбірлеп кеудесінде асқақ әні,


Ұстазды қадірлейді жас та, кәрі.
Білімнің биігіне басқан қадам
Алғашқы қоңыраудан басталады.
(1 сыныптың барлық оқушылары қоңырауды бірге соғып, мектепке енеді.)
Білім күні барлық білім беру мекемелерінде «Мен өз Отанымның патриотымын» атты алғашқы білім сабағына шақырамыз. .

1- жүргізуші: Әрқашан ата берсін күліп таңдар


Ойларың болсын дәйім тұнық, заңғар.
Атамыз Ыбырайдан бастау алған,
Алғашқы қоңырауды ұмытпаңдар!
Алғашқы қоңырау мерекесі құтты болсын!

2 – жүргізуші: Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,


Көтеріңдер мектеп атын құрметтеп.
Білім көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп,- деп «Білім күніне» арналған
салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

1- жүргізуші: Шәкірттерімізді алғашқы білім сабағына шақырамыз.


(Музыка ойнап тұрады) шарларын ортаға жиналып ұшырады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет