Тақырыбы:Синтаксис СИНТАКСИС Синтаксис – (грекше syntaxis) грамматиканың морфология сияқты өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын объектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді
Синтаксистік жүйе – қазақ тілі конструкциясындағы бір деңгейі. Ол – тілдің лебізді білдіру, жариялау қызметін атқаратын жүйе. Тілдің басқа коммуникативтік қызметі осы жүйе арқылы жүзеге асады.
Сөз — тіл білімінің барлық салалары мен деңгейлерінің нысаны болып келеді. Демек, сөз – синтаксистің де нысаны. Сөз синтаксисінің өзіндік ерекшеліктері бар. Екінші сөзбен айтқанда, синтаксис сөзді өзіне (синтаксиске) тән ерекшеліктері тұрғысынан қарастырады. Ол ерекшелік – тіркесімділік, яғни сөз синтаксистің қарауына түскенде, екі немесе бірнеше сөздің бағыныңқы-басыңқылық байланыс ыңғайынан зерттеледі.
Синтаксис морфологиялық тұлғаларды өзінше жұмсап, тек синтаксиске ғана тән формалар құрайды. Морфологиялық форма мен синтаксистік форманың айырмашылығы бар. Морфологиялық форма синтаксис үшін қызмет етпей, тек сөздің мағынасын, түрін құбылту үшін жұмсалатындары бар.
Синтаксис мәселелерінің зерттелуі 1894-1897 орыс тілінде шыққан П.М.Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казак-киргизского языка” деген екі кітабы, “Этимология” деп атап, синтаксис, морфология мәселелерін енгізеді.
-1920 жылы Ахмет Байтұрсыновтың “Тіл –құралдары ” атты үш кітаптың үшіншісінде синтаксиске қатысты алғашқы мағлұмат баяндалады. -1939 жылы Қ.Жұбановтың, 1939 жылы С.Аманжолов, С.Сауранбаевтың бірігіп жазған кітаптары шықты.
Қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым С.Жиенбаев болатын. Оның жай және құрмалас сөйлем мәселелеріне арналған құнды зерттеулерінің қатарында сөз тіркесі бөлек талданбайды.
-1954 жылы “Қазаіргі қазақ тілі” деген атпен көлемді кітап шықты. Бұл кітап –қазақ тіл білімінің фонетика, лексика, грамматика мәселелеріне жан-жақты мағлұмат беретін елеулі табысы.
\