Құрмалассөйлем синтаксисі Сөйлем синтаксисі типтері
Синтаксистік қатынастар — синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері, сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалық, грамматикалық қасиеттеріне негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлері предикативтік, атрибутив/атрибутивтік, объектілік т. б. қатынастарға байланысты.
Синтаксистік құрылым — белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі. Мысалы: сөзтіркесінің Синтаксистік құрылымы есімді немесе етістік тіркестерден әр түрлі жолдармен жасалса, жай сөйлемнің Синтаксистік құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардан жасалып, предикаттық, айқындауыштық немесе жақты, жақсыз, қыстырынды т. б. құрылымдарда көрінеді.
Синтаксистік талдау — сөйлемді түрлеріне, сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне қарай талдау
Пайдаланылған әдебиеттер: М.Балақаев, Т. Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Т. Сайранбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Р. Әміров. Жай сөйлемнің синтаксисі. Аманжолов, Әбілқаев, Тойлыбаев. Қазақ тілі грамматикасы.