Экспозиция. т Экспозиция немесе бастапқы айтылым идея бойынша жауап қатулардың «тізбегін» тудыруы тиіс сөздік стимул болып табылады. Динамикалық ақпарат, өмірдің ағымындағы күтпеген бетбұрыс, табиғи құбылыстардың қатары ғана сөйленетін сөзді «арандатуы», сонымен қатар жапа-тармағай, кезек күтпестен сөйлеуге жол ашуы мүмкін екендігі түсінікті. Сондықтан да экспозиция мүмкіндігіне қарай, оқиғалық сипатта болуы тиіс. Мысалы: т 1) The headmaster said some of our pupils would go tu Moscow. Т 2) the famous film star, is coming to our town. т 3) There will be a new trolley-bus line along our street soon. Г 4) We are going to have a new teacher. бТілдік жауап қатулар бағдарламасы.бТілдік жауап қатулар бағдарламасы не номинативті-қысқартылған түрде (мысалы, «Комментарий», «қайта сұрау» және т.б.), немесе императивтік сөйлемдер түрінде (мысалы, «Детальдарды нақтылаңдар», «Күмәндануды білдіріңдер», «Таңданысты білдіріңдер») берілуі мүмкін.
Жауап қатулар бағдарламасын ұсыну әдісі туралы айта келе, визуалды әдіске сөзсіз түрде артықшылық беру қажет. Бұл ретте оқушылардың көз алдында тек қана жауап қатудың типін емес, сонымен қатар нақты тілдік мысалдағы формасын көрсететін кесте тұрады. Бұл жағдайда «лайықты» жауап қатуларды оқушылардың өздері іздесітреді немесе оларға аталған жағдаятта неғұрлым табиғи сол неме басқа репликаны көрсеткішпен көрсете отырып оқытушы көмектеседі. р № Тілдік жауап қату. б Практика көрсетіп отырғандай, оқушылардың тілдік жауап қатуы репликалардың формасын (лепті, сұраулы немесе бекітпелі нақтылау сөйлем), сирек түрде – пікір айту (2-4 сөйлем) қабылдайды. Жаттығуларды орындау процесінде оқушының бастапқы айтылымға емес, өзінің жолдастарының бірінің репликасына жауап қататын жағдаят жоққа шығарылмайды. Мұндай жауап қатуды қолдау қажет, өйткені ол табиғи әңгімелесуге қарай қадам жасалғанынын дәлелдейді. [8, 125б]
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ