Әр оқушы ұяшықтарды ашып үй жұмысын қайталау сұрағына дұрыс жауап береді.
1-2 балл
1-Тапсырма «Hungry monkey»
Оқушылар стикерге жаңа сөздер жазып, тақтадағы “Hungry monkey” жапсырады. Содан кейін оқушылар мәтінді оқып, топта мәтіннің негізгі идеясын, нақты ақпаратын анықтайды.
Балалар Қосымшада көрсетілген суреттерге қарап сөйлем құрады.
1-2 балл
3-тапсырма «Киндер әдісі»
Бүгінгі тақырыпқа байланысты екі топ сұрақ жазады, одан кейін бір-біріңмен сол киндермен ауысып басқа топ сұраққа жауап жазады.
1-2 балл
4-тапсырма Fоotball
Балалар футболдың суретіне өздеріңнің армандағы демалыстарын дұрыс жазады.
1-2 балл
8-10 балл – Өте жақсы 6-7 балл - Жақсы 4-5 балл - Қанағаттанарлық 1-3 балл – Нашар
Қорытынды Ауызша тілдің екі формасының әрқайсысы – диалог және монолог сөз - өздерінің лингвистикалық ерекшеліктері болады, сондықтан да олардың әрқайсысын оқытуға сараланған тұрғыда келу қажет. Диалог сөздің бірлігі монологтық тілдегідей, тілдік акт немесе тілдік іс-әрекет болып табылады. Тілдік іс-әрекеттің қазіргі заманғы теориясы диалогты әлеуметтік-тілдік қатынастың формасы, бірлескен қызмет процесіндегі адамдар арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің негізі ретінде қарастырады. Диалогқа экстралингвистикалық құралдарды пайдалану тән: ақпараттың ұжымдылығы; ақпаратты бағалаудағы айырмашылық; сөз сөйлеуге ымның, ишараның, серіктестердің іс-қимылдарының белсенді түрде қатысуы; әңгімелесушілердің заттық төңірегінің ықпал етуі. Диалог сөз монологтық сөзге қарағанда едәуір аз ашылған, өйткені ол табиғи тілдесім жағдайында толығады. Диалог сөздің іріктелуіне, безендірілуіне және материалды пайдаланудың функционалдық бағытына қатысты өзіндік ерекшелігі бар. Оған кіріспе сөздерді, одағайларды, бағалау сипатындағы ой білдірулерді қолдану тән. Ағылшын тілін үйренудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзге оқытуды қарастыра келе, мынадай тұжырымдар жасауға болады. Сөйлеу өзінің мәні жағынан мұндай шектеу біршама жасанды бола тұра, монолог (байланыстырушы) сөз және диалог (әңгімелесу) формасында келуі мүмкін. Ол сөздің әрбір формасының лингвистикалық ерекшелігін, олардың өту шарттарын ескеру үшін әдістемелік мақсаттарда жүзеге асырылады. Мәселен, монологтық сөзге толыққандылық пен мағынасының ашылуы тән, бұл суреттеу, хабарлау, пайымдау бола алады. Диалог сөз эллиптикалық сөйлемдердің сөйлесу клешелерін (conversational formulas) және т.б. пайдаланумен сипатталады. Әрине, сөйлеуге үйретуде осы ерекшеліктерді ескеру, сондай-ақ оқушыларға тілдік қатынасқа тән ортақ нәрсені ана тілінде де, шет тілінде де көрсету қажет.