Тақырыбы: Сөйлеуге үйретуде монолог және диалог әдістерін пайдалану


Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне үйрету



бет10/19
Дата20.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95459
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Нусуп Амина 412

2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне үйрету
Бұл ұғымдар бір-бірімен ажырағысыз болып байланысқан. Байланыстың логикалық тізбегі мынадай: МС тілдік икемділіктің негізінде жасалады және тілдік білікті дамытудың құрадлы тілдік жаттығулар болып табылады. МС мен тілдік икемділіктер жоғарыда қарастырылғандықтан, біз тілдік икемділіктердің даму кезеңін сөз етеміз және осы кезеңдегі жұмысты оның шын мәнінде МС-ды оқытудың негізі болатындай етіп қалайша ұйымдастыру қажет екендігін анықтауға тырысамыз. Бұл үшін ең алдымен икемділіктерді дамыту кезеңдерін орнату керек, өйткені тек солар ғана МС-бен жұмысты оның сапаларына ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Алайда, іс мынада болып отыр: икемділік – көпөлшемді феномен, оның өлшемдері көп, және де оның даму кезеңдерін тіпті өте маңызды қандай да бір өлшемдер бойынша бөліп көрсету аса біржақты болып шығады. Мынадай бірнеше өлшемдерді ескеру қажет. М 1) автоматтандырылғандық деңгейі, бұл автоматты түрде өте шығудан (сөздің мәжбүрлі кідірістерінсіз кесіндісінен) көрінеді; М 2) сөйлеушінің дербестілігінің деңгейі, бұл біріншіден, тіректердің бар немесе жоқ екендігімен, сондай-ақ олардың сипаттарымен (мағыналық тіректер мазмұндық тіректерден гөрі «күрделірек»), екіншіден, тілдік міндеттің берілгендігімен немесе берілмегендігімен анықталады; 3) тілдік ойлау міндетті шешудегі күрделілік деңгейі, бұл сөйлеушінің талқыланатын проблемамен байланысты жеке тәжірибесі мен білімдеріне тәуелді болады; М 4) материалдың талқылау проблемалары мен нәрселерін қамту кеңдігімен анықталатын қиыстырылғандық деңгейі.
2.1. Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар.
Шетелдік, сондай-ақ ресейлік көптеген әдіскерлер бейнефильмнің /бейнеүзіндінің негізінде монолог сөзді айту икемділіктерін қалыптастыруға арналған жаттығуларды әзірлеумен айналысуда. Атап айтқанда, Ю.А.Комарова оқу процесінде бейнеүзінділердің қолданылуын нақты икемділіктерді қалыптастыруға арналған тіректердің қолданылуы ретінде қарастырады. автор олардың функцияларын олармен сабақта жұмыс істеудің кезеңдерінеисәйкестіктерранықтайды: 1-ші кезең: бейнеүзінді – мазмұндық тірек о 2-ші кезең: бейнеүзінді – мағыналық тірек о 3-ші кезең: бейнеүзінді – стимул с Бейнеүзінділердің әрбір кезеңдегі функцияларын назарға ала отырып, Ю.А.Комарова монолог сөзді құра білуді былайша бөліп көрсетеді: 1-ші кезең: өзінің ойларын БҮ – 1-ге сүйене отырып, монологтық формада айта білу. с 2-ші кезең: монолог сөз стратегиясын БҮ – 2-ге сүйене отырып аша білу. 3-ші кезең: БҮ– 3-ке сүйене отырып, монологтік формада пікір айта білу. Әрбір кезеңде Ю.А.Комарова тізбектелген түрде күрделене түсетін, вариативтік негізді көздейтін жаттығулар кешенін ұсынады: дыбыстық жолға (ДЖ), бейнежолға (БЖ), дыбыстық және бейнежолға бір мезгілде, мәселен:
ДЖ:
-қараңдар, түсініңдер, анықтаңдар, сұрақтарға жауап беріңдер,
-экранда осы уақытта не болып жатқанын тыңдаңдар, түсініңдер, осы туралы әңгімелеңдер,
-тыңдаңдар, айтыңдаршы, осы кейіпкер туралы нені әңгімелей аласыңдар, оны қалайша елестетесіңдер, қараңдар, салыстырыңдар.
БЖ:
-көріңдер және кім көрмеген болса, соларға айтыңдар,
-көріңдер, сөйлемді түрлендіріңдер,
-көріңдер, айтыңдаршы, кейіпкердің орнында болсаңдар не істеген болар едіңдер, неліктен,
-көріңдер, бейнеүзіндіні дыбыстауға дайын болыңдар,
-көріңдер, жағдаятты түрлендіріңдер, ұқсас оқиғаларды ойлап тауып немесе естеріңе түсіріңдер.
Сабақта көркем фильммен жұмыс істеу, әрине, бейнеүзіндімен жұмыс істеуден ерекшеленеді, бірақ осы кешенде ұсынылған кейбір жаттығуларды монолог сөз икемділіктерін дамыту үшін біздің жағдайда да пайдалануға болады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет