Мамандығы:0105000 - Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105033 - Шетел тілінен бастауыш білім беру
0105061 - Тәрбиелеушінің көмекшісі
Орындаған: 4 курс 412-топ студенті т Нусуп Амина Нұрбосынқызы
Жетекшісі: Азимжанова Л.К ь Шетел тілін оқыту әдістемесі ь пәнінің оқытушысы
Есік қаласы, 2022-2023 оқу жылы
Мазмұны: Кіріспе......................................................................................................................3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1. СӨЙЛЕУ МЕН МОНОЛОГ СӨЗДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ...............................................................................................4
1.1. Оқытудың мәні және тілдесудің диалогтік формасының мазмұны....................................................................................................................5 1.2. Монолог және диалог. Олардың өзара байланысы…………......................9
2. ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА МОНОЛОГТІ ЖӘНЕ ДИАЛОГТІ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІНЕ ҮЙРЕТУ.....................................................................12
2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар.............................................................................................................13
2.2 Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер………………….....................14
2.3 Коммуникативтік жаттығулар жүйесі ..........................................................16
Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................26
Кіріспе Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын, оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын біліп, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалім ағылшын тілін қазіргі заманғы әдістемелік теорияның деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәнінің (ағылшын тілінің) маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешуін айтады. Бұл міндетті шешу үшін ағылшын тілінің қосатын үлесі көп. Біріншіден, шет тілін оқытумен бірге, мектеп оқушыларының бойында олар қоғам мүшесі, ұжым мүшесі ретінде қажетті қарым-қатынас жасай білуді қалыптастыру. Бұл әңгімелесушіні тыңдай білу, тілдесуге кірісу, оны қолдау және т.б. білдіреді. Екіншіден, шет тілін үйрену процесінде оқушыларды кітаппен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білуге және оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға ынталандыру. Тілін үйретудің бастапқы кезеңінде ағылшын тілін оқыту әдістемесіндегі ең басты проблемалардың бірі - монолог және диалог сөзді оқыту проблемасы басталады. Монолог сөзді оқыту – бұл аса күрделі іс. Тілдесудің диалогтік формасына келетін болсақ, бұл тілдің коммуникативтік функциясының көрінуіне неғұрлым тән форма. Тілдесудің диалогтік формасы бастапқы кезеңде ағылшын тілін тасушылар тәрізді әңгімелесушімен сәлемдесе білуді, сондай-ақ сәлемге жауап бере білуді көздейді. Монолог сөз кез келген деңгейдегі жұптық, топтық, жаппай тілдесу процесінің компоненті ретінде қарастырылады. Бұл кез келген монолог сөздің өзінің табиғаты жағынан монологтік екендігін, құрылымдық және көптеген өзге де қарым-қатынастарда оның түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мол бола тұра, тіпті адресат сөйлеушінің өзі болған жағдайда да, үнемі біреуге жолданып айтылатындығын білдіреді.