Тақырыбы: Сөзжасамдық тәсілдер. Семантикалық, синтетикалық тәсілдер. Жоспар



Дата06.01.2022
өлшемі49,32 Kb.
#16495
Байланысты:
26.12. Ана тілі


Тақырыбы: Сөзжасамдық тәсілдер. Семантикалық, синтетикалық тәсілдер.

Жоспар:

1.Қазақ тіліндегі сөзжасамның қалыптасқан тәсілдері


2.Сөзжасамның синтетикалық тәсілінің сөзжасамда алатыны орны.
3.Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі

Туынды сөздің жасалу жолдары ғылымда сөзжасамдық тәсілдер деп аталады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалык тәсіл.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Негіз сөз дегеніміз — туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз.

Сөзжасамның лексика-семантикалык тәсілі. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы — өте көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану — көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс.
Сөзжасам жүйесі біршама зерттеліп, ғылыми еңбектер қорғалып, монографиялар мен оқулықтар жарық көрді. Сөзжасамның зерттеу нысанын, тіл біліміндегі орнын, мән-маңызын ашуда профессор Н. Оралбаеваның, профессор С.М. Исаевтың, профессор А.Салқынбайдың, профессор З.Бейсембаеваның, Б.Қасымның тағы басқалардың еңбектерін ерекше атауға болады.

1. Сөзжасамның синтетикалық тәсiлiмен жасалған  туынды  сөздердi белгілеңіз.


A) Барған, келiп;
B) Бiр, жетеу;
C) Келу, сөйлеу;
D) Сарғыш, ақтау;
E) Өткiрлiк, жылжымалы.

2. Ел сөзінің сөзжасамдық тізбегін табыңыз.


A) Ел - елмен - елші;
B) Ел - елші - елшілік;
C) Елші- ел - елшілік;
D) Ел - елші - елдей;
E) Ел - елші - елдің.

3. Дұрыс сөзжасамдық тізбекті белгілеңіз.

A) Саудагер - сауда - сауда-саттық;
B) Бас - бастау - бастаушы - басқар;
C) Көрші - көрермен;
D) Ел - елші - елшілк;
E) Дұрыс жауабы жоқ.

4. Біл сөзінің сөзжасамдық ұясын табыңыз.


A) Біл, білім, біліммен; 
B) Біл, білім, білімді;
C) Біл, білім, білімді, білімпаз, білгіш; 
D) Білім, біліммен, білімге;
E) Біл, білім, білімпаз, білген, біліп.

5. Дұрыс сөзжасамдық ұяны табыңыз.


A) Ұшақ, ұшқыш, ұшқышқа; 
B) Жұдырықта, қолда, тізеле, баста;
C) Ашулан, ызалан, арқалан, қулан; 
D) Қоныс, қонақ, қонаға, қонақасы;
E) Бәлеқор, жалақор, жемқор, пайдақор.

6. Бірігу жолымен жасалған жаңа сөздi белгiлеңіз.


A) Жарқанат;
B) Жады;
C) Көтерме сауда;
D) Мәнмәтін;
E) Бәйтерек.

7. Жүлдегер сөзінің негіз сипаты қандай?


A) Қос сөз;
B) Түбір;
C) Кіріккен түбір;
D) Туынды түбір;
E) Біріккен түбір. 
8. Қолбасы сөзінің негіз сипаты қандай?
A) Қос сөз;
B) Кіріккен түбір;
C) Негізгі түбір;
D) Туынды түбір;
E) Біріккен түбір. 
9. Ел-елші-елшілік сөзжасамдық тізбегінде неше негіз сөз бар?
A) 1;
B) 3;
C) 2;
D) 4;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
10. Қон-қонақ-қонақта-қонақтау  сөзжасамдық  тізбегінде  неше  негізді  сөз
бар?
A) 4;
B) 3;
C) 2;
D) 1;
E) Дұрыс жауабы жоқ

Сабақты бекіту
1.Сөзжасамдық тәсілдер дегеніміз не?
2. Қазақ тілінің сөзжасамның қандай негізгі тәсілдері бар?
3. Сөзжасамның синтетикалық тәсіліне қандай белгілер тән ?
4.Сөзжасамның лексика-семантикалык тәсілі қалай жасалады?.

Үйге тапсырма:

1. Көркем шығармадан синтетикалық тәсіл арқылы жасалған 5 сөз теріп жазу/Сөйлемді толық жазып, астын сызамыз/

2. Көркем шығармадан семантикалық тәсіл арқылы жасалған 5 сөз теріп жазу/Сөйлемді толық жазып, астын сызамыз/

Интернет-ресурстар:

https://baribar.kz/student/13988/soezzhasamdyq-tasilder/



http://nblib.library.kz/elib/library.kz/journal/Jaxina......4...13.pdf

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет