Тақырыбы: «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» Мақсаты



бет1/5
Дата18.10.2023
өлшемі25,79 Kb.
#118025
  1   2   3   4   5

Тақырыбы: « Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік»


Мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп,
ұстаздарды қадірлеп, құрметтеуге, еңбектерін бағалауға тәрбиелеу.


Барысы:


Ұстаз туралы өлең оқылады
Тұрыңыздар келе жатыр мұғалім!!!
Академик, министр бол тіпті сен,
Кім болсаң да , мектеп көрдің кеше сен.
Кім болсаң да қарайлап жүр ұстазға.

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары


Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары
Жүргізушілер шығады.
1- жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!


2-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
1- жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
1- жүргізуші: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстазым –ұлағатым, үлгі - өнегем. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз да шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
2- жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!


1-жүргіуші: Шәкәрім сен қалай ойлайсың? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: Патшайым мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет