Тақырыбы: Суспензиялар және ішуге арналған эмульсиялар. Дайындау әдістері. Жоспар Дәрілік түрдің сипаттамасы. Анықтамасы. Суспензияның түзілу жағдайлары. Қасиеттері. Суспензияларды дайындау әдістері: дисперсиялық



бет4/7
Дата25.11.2023
өлшемі30,02 Kb.
#127426
1   2   3   4   5   6   7
Суспензиялардың сапасын бағалау. Суспензиялардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрiлiк түрлер секiлдi, сыртқы түрi мен органолептiк қасиеттерi, дұрыс орамдалуы және безендiрiлуi бойынша жүргiзiледi. Сонымен қатар суспензияларға тән ерекше қасиеттерiн талдайды: бiркелкiлiгiн және ресуспендирлiгiн. Жалпы мөлшерiндегi ауытқулар қатты фазаның мөлшерiне байланысты анықталады. Суспензиялардың теориялық негiздерi - суспензиялық линименттер, жағар майлар, суппозиторийлер технологиясында қолданылады. Мұндай жағдайда Дерягин ережесiн қолданады. Ал лайлау әдiсi қолданылмайды. Себебi қолданылатын негiз тұтқыр немесе тығыз зат, олар суспензия тұрақтылығын қамтамасыз етедi.
Дәрiханада суспензия технологиясын жетiлдiру:

  • кiшi механизациялық құралдар, майдалағыштар (электрлiк араластырғыштар) енгiзу, өнiмдiлiгi төмен қол енбегiн жеңiлдету, суспензия сапасын жақсарту;

  • тұрақтандырғыштар ассортиментiн кеңейту. Дәрiлiк заттардың тұрақтылығын жоғарылату;

  • суспензиялар сапасын бағалауға инструменталды әдiстер енгiзу. Дисперстiк фазаның бөлшектерiнiң мөлшерiн микроскоп көмегiмен (МФ ГДР) анықтау;

  • суспензиялық дәрiлiк түрдiң перспективтi дамуы «құрғақ суспензия» дайындау болып табылады, ол - дәрiлiк заттар мен тұрақтандырғыштар қоспасы, кейде оған консерванттар қосылады, көбiнесе түйiршiктер түрiнде дайындалады. Қолданар алдында құрғақ суспензияларға тазартылған су қосылады. Құрғақ суспензиялар тасымалдауға ыңғайлы және ұзақ уақыт сақталады.

8.Эмульсиялардың дәрілік түр ретінде сипаттамасы. Анықтамасы. Iшуге арналған эмульсиялар - Emulsa ad usum internum. Дисперстiк фазасы және дисперстiк ортасы бiр бiрiнде ерiмейтiн немесе аз еритiн сұйықтықтардан тұратын микрогетерогендi жүйенi эмульсия деп атайды. ССРО МФ ХI басылымында эмульсияларға келесi анықтама берiледi: Эмульсиялар - бiр бiрiнде ерiмейтiн майда дисперстi жүйеден тұратын iшуге, сырт тәнге және парентералды қолдануға арналған сыртқы түрi бойынша бiртектi дәрiлiк түр. Дисперстiк фазаны түзетiн сұйықтықтың табиғаты бойынша эмульсияларды екi типке бөлуге болады: 1-типті судағы май (М/С), 2-типті майдағы су (С/М). Дайындау әдiсiне және бастапқы шикiзаттарға байланысты эмульсиялар екi түрге бөлiнедi: дәннен жасалынған эмульсиялар; майдан жасалынған эмульсиялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет