Тақырыбы: Суспензиялар және ішуге арналған эмульсиялар. Дайындау әдістері. Жоспар Дәрілік түрдің сипаттамасы. Анықтамасы. Суспензияның түзілу жағдайлары. Қасиеттері. Суспензияларды дайындау әдістері: дисперсиялық



бет2/7
Дата25.11.2023
өлшемі30,02 Kb.
#127426
1   2   3   4   5   6   7
2.Артықшылықтары: суспензия түрiнде ерiткiштерде ерiмейтiн дәрiлiк заттарды босатуға болады, әсер ету эффективтiлiгi бойынша суспензиялар ерiтiндiлер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады. Ұнтақтармен салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердiң жоғары дисперстiлiгiнен дәрiлiк заттар тез терапевтiк әсер көрсетедi. Суда ерiтiлген дәрiлiк заттардың сулы ерiтiндiлерi ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етедi.
3.Кемшiлiктерi: технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзiмi қысқа дәл дозаланбайды.
Сондықтан суспензия түрiнде улы және күштi әсер ететiн дәрiлiк заттарды босату мүмкiндiгi жоқ.
Құрамына және дайындау тәсiлiне байланысты суспензиялар: Iрi суспензиялар (бөлшектерiнiң өлшемдерi 1-100 мкм аралығында), майда суспензиялар (бөлшектерiнiң өлшемдерi 0,1-1 мкм аралығында) болып бөлiнедi.
4.Суспензияларға қойылатын талаптар: бөлшектердiң өлшемдерi 50-100 мкм болуы, суспензиялар термодинамикалық тұрақты болуы керек, ол дәрiлiк заттың жеткiлiктi дәл дозалауын қамтамасыз етедi. Ресуспендирлену қасиетін - суспензияны қатты шайқау жолымен анықтайды. 24 сағат сақталған суспензияны 15-20 секунд шайқағаннан соң, ал 3 тәулiк сақталған суспензияны 40-60 секунд шайқағаннан соң бөлшектерi дисперстiк ортада бiртектi таралуы.
ҚР ДСМ 15.12.04 жылғы «Дәрiлiк құралдарды дайындау Ережелерi туралы» бұйрығының 1 бөлiмiнiң 8 тармағына сәйкес суспензиялар дисперстiк фазаның концентрациясы 3% төмен және дисперстiк ортаның табиғатына (сулы, спирттi-сулы) байланыссыз салмақ-көлемдiк әдiспен дайындалады. Дисперстiк фазаның концентрациясы 3% және одан жоғары болса, суспензиялар салмақтық әдiспен дайындалады.
Суспензияларды түссiз құтыда босатады. Ескерту «Қолданар алдында шайқа» этикеткасымен безендiредi.
5.Суспензияның түзілу жағдайлары. Қасиеттері. Суспензияның түзiлу жағдайлары: дәрiлiк түр құрамына дисперстiк ортада ерiмейтiн заттар енгенде (күкiрт, камфора, ментол, мырыш тотығы және т.б. - суспензия физикалық әдiспен дайындалады); егер дәрiлiк заттың мөлшерi ерiгiштiк шекарасынан асып кетсе, (суспензиялар физико-химиялық әдiспен дайындалады); ерiткiштi алмастырғанда суспензияның түзiлуi. (физико-химиялық әдiс); жеке еритiн дәрiлiк заттарды бiр дисперстiк ортада ерiткен кезде, әрекеттесiп ерiмейтiн қоспа түзiледi (химиялық әдiс). Суспензияның қасиеттері: суспензиялардың осмостық қысымы жоқ; бөлшектер мөлшерiнiң үлкендiгiнен жартылай өткiзгiш мембранадан диффузия құбылысы жүрмейдi; сондықтан сүзу немесе фильтрлеу процессi жүргiзiлмейдi; кинетикалық тұрақсыз, суспензияларға седиментация құбылысы тән, ауырлық күшi әсерiнен бөлшектер тұнбаға түседi, егер бөлшектер бiр-бiрiне жабыспай еркiн тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақты деп атайды, ал егер бөлшектер молекулалық iлiнiсу күшi әсерiнен жабысып үлпектер түзiп тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақсыз деп атайды.
Суспензия технологиясында қолданылатын дәрiлiк заттар гидрофобты және гидрофильдi болып бөлiнедi. Гидрофильдi-iсiнбейтiн заттарға: висмуттың негiзгi нитраты, ақ балшық, тальк, мырыш тотығы, магний тотығы, крахмал, кальций карбонаты, кальций глицерофосфаты жатады. Бұл заттар суда ерiмейдi, бiрақ сумен жеңiл шыланады. Сондықтан осы препараттармен суспензия дайындау кезiнде тұрақтандырғыштар қолданылмайды. Гидрофобты заттар - бетi сумен қиын шыланатын заттар. Олар: гидрофобты қасиеттерi айқын байқалатын және айқын байқалмайтын болып екi топқа бөлiнедi. Гидрофобты заттармен суспензиялар дайындаған кезде тұрақтандырғыштар қосады - желатоза (Gelatosae), өрiк шайыры (Gummi armeniacae), аравия шайыры (Gummi arabica). Ал декстрин, крахмал шырышы, метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы, поливинилпирролидон сирек қолданылады. Гидрофобты қасиетi айқын байқалмайтын заттарға терпингидрат, бензонафтол, фенилсалицилат, сульфодиметоксин, сульфомонометоксин, сульфадимезин жатады. Бұл препараттармен суспензия дайындаған кезде 1,0 г препаратқа: 0,25 г өрiк шайыры, 0,5 г аравия шайыры немесе желатоза қосылады. Гидрофобты қасиетi айқын байқалатын заттарға: камфора, ментол, тимол, бромкамфора, күкiрт жатады. Олардың суспензияларын тұрақтандыру үшiн 1,0 г препаратқа: 0,5 г өрiк шайыры, 1,0 г аравия шайыры немесе желатоза қосылады. Гидрофобты қасиетi айқын байқалатын препараттардың майдалануы 90%-дық этил спиртi (қиын ұнтақталатын заттар) 1:1 қатынаста қосу арқылы жүргiзiледi. Олар спиртте жеңiл еридi, спирт буланып кеткен соң рекристаллизация жүредi, нәтижесiнде зат жеңiл майдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет