Этапы исследования:поисковая работа, интервью, проектная работа.
Методы исследования:
Сравнительный метод (прошлое и настоящее)
Экспериментально-творческий (сбор материала, синтез и анализ)
Теоретический метод (конспектирование обобщение и вывод)
Практический метод: сочинение, используя особенности терме
Новизна исследования:
Определив важность жанра в устном творчестве, выявили особенность тех изменений треме в наше время.
Результаты проекта: Узнала об историй, о его видах, компазици и тематику, выявили те изменения, которые появились в жанре на сегодняшний ден, пыталась сама соченить, иползуя полученные знания. Определила, что терме не популярен среди молодёжи. Материалы проекта можно использовать на классных часах, музыкальных вечерах.
Мазмұны
І. Кіріспе........................................................................... 2
ІІ. Зерттеу бөлімі............................................................. 3
Терме деген не? Қашан пайда болған?
Терменің түрлері. Құрылымы
Терме бүгінде
IІІ.Қорытынды................................................................ 13
ІV.Қосымша (фото суреттер, видео және аудиобаян)...................... 15
І. Кіріспе
Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы – әдебиет пен өнер.
Қазақы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық сипатымен өзге түрік халықтарына қарағанда өте бай.
Қазақы сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық жағынан түрленіп, мазмұны тереңдеп, өлең жүйесі күрделеніп отырды. Бұл заңды құбылыс.
Қазақ ұлтының өзіне ғана тән бірнеше сөз арнау дәстүрі бар. Көшпелі өмір аясында қалыптасып, хандық дәуірде айрықша дамыған дәстүрлі мәдениет саласы – жыраулық өнер. Оның басты репертауары – көлемді жыр (эпос), толғау, терме жанрлары. Ғасырдан-ғасырға ұласып, өрісі кеңейіп келе, қазірде қазақ халық поэзиясының бұл дербес жанры терең зерттеуді қажет етіп отыр. Байырғы заман салтанат жиын-тойларда ақындар, жыршы-жыраулар тыңдаушы қауымның жан жүйкесін босататын тәрбиелік мәні зор терме, толғау, өсиет өлеңдерін де шырқаған. Ал қазір ше, шырқалады ма? Кейіндеу туса да ұрпаққа өсиет-өнеге айту, тәлім-тәрбие беру, адамгершілікке үйрету, жақсылықты насихаттау, табиғат құбылыстарын мараппаттау, жас кезеңдерін мадақтау терменің бұл жүгі қай заманда да ортаймаған да, жеңілмеген де. Ес білген кезінде адамға өнеге үйретер, тәлім айтар, тағлым берер көсем сөздің бірі – терме болды.
Қазақ елі танымдық-таңлымдық, тәрбиелік-тәжірибелік мәні бар өнегенің, өсиеттің көбін ауызша айтып, ауызша таратты. Ең бастысы байырғы рухани құндылықтарымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Алайда қандай деңгейде? Көкейдегі осы сұрақпен, термені терең зерттеу арқылы жанданып дамуына септігімді тигізіп, жасөспірімдер арасына насихаттау мақсатымен жұмыстануға төмендегі міндеттерді атқаруға бет алдым:
Терме туралы материалдар жинақтау.
Педагогтар мен термешілермен сұхбат.
Тұжырымдау
Насихаттау
Достарыңызбен бөлісу: |