Ақжайық аудандық халықтық ұлт-аспаптар оркестірінің прима-қобызшысы, Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі Утегалиева Нұрғаным Ермекқызына, «Терменің қандай түрлері бар?», - деген сұрағыма:
Терменің желдірме терме және баяу ырғақта жай дауыспен айтылатын екі түрі бар, - деп жауап берді.
Бұл сұраққа әнші, термеші, Республикалық, Халықаралық конкурстарының лауреаты Оразов Фархат Беркінұлының жауабы:
Терменің үгіт-насихат термелері, ақыл-нақыл термелер, үндеу, арнау термелері, кей кезде термеге көңіл кос дегенді қосып жатады, өлеңменен, жырменен көңіл айту. Оның ішіне екі жолдан теріліп айтылған нақыл сөздер кіреді.
Құрылымына келер болсақ термелер көбіне 11 буынды болып келеді және 11 буыннан басталып келе жатып 7-8 буынға түседі сөздік құрылымдары.