Адам денесіндегі әртүрлі ағзалар мен олардың жеке бөлітерінің температурасы зат алмасуының деңгейіне байланысты өзгереді.
Бауырда 37, 8 -38 ° , тері астында 29,5 – 33,9 °, тік ішекте 37,2 – 37,5 ° , қолтықта 36,0 – 36,9 °С.
Терморегуляция
Дене температурасының тұрақтылығы жылу өндіру мен жылу шығару үрдістерінің тепе – теңдігі арқылы қамтамасыз етіледі.Мұның негізі – белгілі физиологиялық жүйе тетіктерінің қызметі.
Жылу реттелуі физикалық және химиялық реттелу болып 2 – ге бөлінеді.
Физикалық реттелу – жылу шығару деңгейін өзгерту арқылы , ал химиялық – жылу өндіру үрдісін күшйету немесе әлсірету арқылы іске асырылады.
Терморегуляция
Тоңа бастаған кезде дене температурасын тұрақты сақтауда химиялық реттелудің маңызы зор. Физикалық реттелу – жылу шығару үрдісін реттеу үрдісінің мәні , әсіресе айналадағы температура шектен тыс жоғары болған жағдайда , мәселен, күн ыстық болған күндері бөлме температурасы жоғары болса , арта түседі.
Дененің белгілі бір бөліктеріне температураның әсері
Дене бөліктерінің температураcының бөлінуі: қолтық – (36-37)°C; ауыз қуысы – (37,2-37,5)°C; тік ішек – (37,5- 37,9)°С; ішкі ағзалар – (37,8-38)°С; бауыр – (38,5-39,5)°С; кеуде – (30-34)°С; қол – (29,5-33)°С; аяқтың саусақтары, мұрынның ұшы - 22°С.
Температураның төмендеуіне қарай жылудың түзілуі де артады, ал оның 25°С-тан 35°С-қа дейін көтерілуі сондай
шамаға төмендейді. Температурасы 40°С-тан асқанда жылу өндірілуі арта бастайды.
Дененің белгілі бір бөліктеріне температураның әсері
Терморегуляцияның арқасында ағзаның ішіндегі температура жұтылу, жылудың өндірілуі мен жоғалтуына қарамай әрқашан тұрақты сақталады.
Негізінде тәулік ішінде адам денесінің температурасы (0,5-0,9)°С аралығында ауытқып отырады. Кешкі 16-18