сағатта ең жоғары мәнге, ал таңғы 3-4 сағатта ең төменгі мәнге ие болады (түнде температура төмендейді, күндіз –артады)
Дененің белгілі бір бөліктеріне температураның әсері
Жылу ағзаның қызметі мен негізгі зат алмасуында үлкен рөл атқарады. Онда механикалық, химиялық, осмостық және электрлік жұмыстар жасалады. Жылу ағзаның өне бойында, әсіресе көлденең – жолақты бұлшықет пен бауырда өндіріледі.
Түрлі ағзалардағы жылудың үлесі: бұлшық етте – 60%; ішек-қарын мен бауырда - 30-20%; бүйрек пен басқа да
ағзаларда – 10-20% құрайды.
Дененің белгілі бір бөліктеріне температураның әсері
Изотермияның реттелуінде терморецепторлар: шеткі (тері, кілегейлі қабат, ішек-қарын жолы ағзалары) және
орталық (гипоталамус, ортаңғы ми, ми қыртысы) болып бөлінеді. Импульстер терморецепторлардан талшықтарының бойымен жұлынға келеді, жұлыннан –таламус жолымен гипоталамусқа және ми қыртысына келеді. Гипоталамустың алдыңғы ядролары физикалық, ал артқы ядролары химиялық жылу реттелуін қадағалайды.
Температураны реттеуші жылу орталығы аралық миға тәуелді болады. Температураны реттеуші орталықтың
қызметіне екі фактор әсер етеді: қан температурасы және рефлекторлық әсер.
Дененің белгілі бір бөліктеріне температураның әсері
Жылу пайда болатын және беретін мүшелерге қозу нерв жүйесімен келеді. Тітіркендіру кезінде рефлекторлық жолмен жылуды реттейтін реакцияны тудыратын аппараттарға - терідегі жылуды және суықты қабылдайтын рецепторлар, тыныс алу жолдарындағы және ішкі мүшелердегі рецепторлар жатады.
Сондай-ақ гипоталамустағы терморецепторлардың маңызы зор. Себебі гипоталамустың алдыңғы бөлімі терідегі тамырлар тонусын, тер бөлінуді, ыстықтан ентігуді өзгерте отырып, жылудың тиімді түрде берілуін реттеуді қамтамасыз етеді. Ал гипоталамустың артқы бөлімі денедегі алмасу үрдістерінің деңгейін, жылу жасалуды үйлестіреді.
Дененің белгілі бір бөліктеріне температураның әсері
Дененің төменгі температурасын (гипотермия) да, жоғарғы температурасын (гипертермия) да терморецепторлар күшейтеді. Егер зат алмасудың белсенділігіне қарамастан ағзаның жылу өндірілуі жылу беру шамасына қарағанда төмен болса, онда гипотермия деген атқа ие болған дене температурасының төмендеуі пайда болады.