Бұлыңғыр ерітіндіні немесе құтының ішіндегісі толық ерімеген ерітіндіні енгізуге болмайды. Тиопентал-КМП 25 мг/мл ерітінді түрінде қолданылады. Жекелеген жағдайларда 50 мг/мл ерітінді түрінде Тиопентал-КМП қолдануға болады.
Қолданылу тәсілі және дозалары
Тиопентал Анестезияда қолдану
Кіріспе наркоз үшін орташа доза 100-150 мг құрап, 10-нан 15 секундқа дейін көктамыр ішіне енгізіледі. Қажет болса, 1 минут өткенде 100-150 мг дозаны қайта енгізуге болады. Препарат дозасы үнемі әсеріне қарай белгіленеді, сондықтан төменде берілген деректер жалпы нұсқау ретінде ғана пайдаланылады. Жалпы, қажетті доза науқастың дене салмағына пропорционалды. Пациенттің жасы, жынысы және салмағы сияқты факторлар ескерілу керек. Натрий тиопенталы ми тініндегі тиімді концентрациясына 30 секунд өткенде жетеді және, әдетте, анестезия көктамыр ішіне енгізуден кейін 1 минут ішінде басталады.
Қолданылу тәсілі және дозалары
Ересектер: Кіріспе наркоз үшін, әдетте, 25 мг/мл ерітінді түрінде 10-15 секундта көктамыр ішіне баяу енгізілетін 100-150 мг Тиопентал-КМП дозасын пайдалану керек. Қажет болса, 1 минут өткенде 100-150 мг дозаны қайта енгізуге болады. Балалар: Тиопентал-КМП ерітіндісінің орташа дозасы 25 мг/мл, дене салмағына 2-7 мг/кг құрайды, 10-15 секундта көктамыр ішіне баяу енгізіледі. Қажет болса, дене салмағына 2-7 мг/кг дозаны 1 минут өткенде қайта енгізуге болады. Препарат дозасы пациент жауабына қарай мұқият түзетілуі тиіс. Ең жоғары Тиопентал-КМП дозасы 7 мг/кг-ден аспауы тиіс.
Қолданылу тәсілі және дозалары
Егде жастағы пациенттер: Ересектер үшін азайтылған дозалар ұсынылады. Құрысу жағдайларын басуға қолдану: Орташа доза 75-125 мг (3-5 мл ерітінді 25 мг/мл) құрайды. Препаратты құрысу басталған соң мүмкіндігінше тезірек енгізу қажет. Жергілікті анестезияға арналған дәрілер қолданудан болатын құрысу жағдайларын басу мақсатында препаратты қайта енгізу қажет болуы мүмкін.