Тақырыбы: Тиопентал – КМП (Натрий тиопенталы) Орындаған: Кенжебек Ә.О.
Курс: 3 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 306 Б
Қабылдаған:Хурметбек Т.Т.
Ⅰ. Кіріспе
Ⅱ. Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы.
2.1.Фармакологиялық әсері.
2.2. Қолданылуы.
2.3. Қолданылу тәсілі және дозалары.
2.4. Жағымсыз әсерлері.
2.5. Қолдануға болмайтын жағдайлар
2.6. Дәрілермен өзара әсерлесуі.
2.7. Артық дозалануы.
2.8. Арнайы нұсқаулықтар.
Ⅲ. Қорытынды.
Ⅳ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жоспар:
Кіріспе
Тиопентал-натрий (Тиопентал және т.б.) - 0,5 г және 1 г ұнтағы 20 мл-лік ампулада болады – наркоздық әсері 1 минуттан кейін басталады, қозу сатысы байқалмайды. Ұзақтығы 20-30 минут. Бұлшық еттер дірілдеуі, апноэ мен коллапс болуы мүмкін. Бауыр жетіспеушілігінде қолдануға болмайды. Қысқа уақытты наркоздарға қолданады.
Саудалық атауы
Тиопентал-КМП
Халықаралық патенттелмеген атауы
Натрий тиопенталы
Дәрілік түрі
Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 1.0 г лиофилизацияланған ұнтақ
Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы Тиопентал-КМП
Құрамы 1 г натрий тиопенталы Сипаттамасы: Өзіне тән иісі бар ашық-сары немесе сарғыш-жасыл түсті құрғақ кеуекті масса. Гигроскопиялы. Фармакотерапиялық тобы Анестетиктер. Жалпы анестетиктер. Барбитураттар. Натрий тиопенталы.
ФАРМАКОКИНЕТИКАСЫ
Көктамыр ішіне енгізгенде Тиопентал наркозға енгізілу кезеңі 30 секунд өткенде болады, бір реттік дозасын енгізуден кейінгі наркоз ұзақтығы, орта есеппен, 20-дан 30 минутқа дейін. Көктамыр ішіне енгізгенде натрий тиопенталы мидың ең васкуляцияланған бөліктеріне тез өтіп, кейіннен басқа тіндер мен ағзаларға таралады.