Неврологиялық пациенттерге бассүйекішілік қысымды төмендету үшін қолдану
Өкпені жасанды желдету жүргізілгенде жоғары бассүйекішілік қысымды төмендету мақсатында дене салмағына 1,5-3 мг/кг дозада препараттың интермиттирлеуші болюсті инъекциялары пайдаланылады.
Тиопентал-КМП индукциясында, кез келген барбитураттарды қолдану кезіндегідей, жөтел мен түшкіру туындауы мүмкін және ларингоспазм болуы мүмкін. Сол себепті ішуге арналған эндоскопия үшін тек натрий тиопенталын пайдалану ұсынылмайды. Артық мөлшердегі дозалары суықтап қалуға және терең ми бұзылуына алып келеді. Артериялық қысымның бастапқы түсіп кетуі жиі байқалады. Операциядан кейінгі құсу құбылысы жиі емес, бірақ діріл, үнемі ұйқышылдық, сананың шатасуын және амнезияны байқауға болады.
Жағымсыз әсерлері
иммундық жүйе тарапынан: аллергиялық реакциялар, тері бөртпесін, есекжем, қышыну, Квинке ісінуін, тері гиперемиясын, қалтырау, анафилаксиялық шокты қоса. Тиопентал-КМП антиденелерінің өсуімен астасқан гемолиздік анемия мен бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы жөнінде ақпарат бар;
- метаболизм және тамақтанудың бұзылуы тарапынан: анорексия, гипо- және/немесе гиперкалиемия;
- психикалық бұзылулар: егде жастағы пациенттерде делирий болуы мүмкін;
- жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыру, бас айналу, бұлшықеттер гипертонусы, ұйқышылдық, сананың шатасуы, амнезия;
Жағымсыз әсерлері
- жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуі, артериялық гипотензия, тахикардия, аритмия, жүрек жеткіліксіздігі, ST сегменті депрессиясымен миокард инфарктісі;
- тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан: бронх түйілуі, тыныстың тарылуы немесе тоқтауы, ларингоспазм;
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Тиопентал-КМП диспноэ немесе тыныс алу жолдарының обструкциясында, мысалы, жедел ауыр демікпеде немесе тыныс алу жолдарының өткізгіштігін демеуге кепілдік берілмейтін кездерде, демікпенің өршуінде, қан айналымының күрт айқын бұзылуында, Аддисон ауруында, коллапста, шоктың терминалдық сатысында, қызба жағдайларында қарсы көрсетілімді.
Жедел ауыспалы порфирияда (науқас анамнезіндегі немесе оның жақын туыстарындағы) кез келген барбитураттарды қолдану қарсы көрсетілімді.