Тақырыбы: Тиопентал – кмп (Натрий тиопенталы)


Дәрілермен өзара әсерлесуі



бет6/8
Дата31.10.2022
өлшемі4,46 Mb.
#46501
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Кенжебек Әсел 306 Б ЖМ.СРОП.Тиопентал-КМП препараты.

Дәрілермен өзара әсерлесуі

  • Нейролептиктер: Тиопентал-КМП гипотензиялық және гипотермиялық дәрілік заттар әсерін күшейтеді, сондай-ақ препарат тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілердің, кетамин, нейролептиктер, магний сульфаты, этанолдың орталық жүйке жүйесін бәсеңдету ықпалын күшейтеді. Тиопентал-КМП кейбір фенотиазиндердің, әсіресе, прометазиннің тыныштандырғыш қасиеттерін күшейте алады. Циклизин ұқсас әсер көрсетуі мүмкін.
  • Асқазан-ішек препараттары: Тиопентал-КМП метоклопрамидпен және дроперидолмен бір мезгілде қолданылғанда Тиопентал-КМП дозасын азайту қажет.
  • Пробенецидті алдыңғы қолдану Тиопентал-КМП жансыздандыру әсерін күшейтеді.
  • Препараттың белсенділігін сульфаниламидтер, Н1-адреноблокаторлар және пробенецид арттырады; аналептиктер, кейбір антидепрессанттар және аминофиллин төмендетеді. Сондықтан жоғарыда аталған препараттармен Тиопентал-КМП сақтықпен қолданылу керек.

Артық дозалануы

  • Артық дозалану кезінде апноэге дейін апаратын тыныстың тарылуы, ларингоспазм, артериялық гипотензия, коллапс, тахикардия, қан айналу жеткіліксіздігі, жүректің тоқтап қалуы, өкпенің ісінуі, наркоздан кейінгі делирий.
  • Емі: пациенттің басын аласартып, спецификалық антагонист – бемегрид енгізіледі. Тыныс алудың тоқтауында өкпені жасанды желдету, 100% оттегі; ларингоспазмда – миорелаксанттар және қысымдағы 100% оттегі; артериялық гипотензияда – плазма алмастырғыш ерітінділер, гипертензиялық препараттар қолданылады.

АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР

Наркоздың қажетті тереңдігі мен ұзақтығына жету және оны сақтап тұру препарат мөлшеріне де, науқастың оған жеке сезімталдығына да байланысты екенін ескеру қажет. Препараттың кардиодепрессияны туындататынын - соғу көлемін, жүректің лықсытуын және артериялық қысымды азайтатынын есепке алу керек. Кезбе жүйке тонусының көтерілуімен байланысты жағымсыз реакцияларды болдырмау мақсатында науқасқа наркоз алдында атропин немесе метацинмен премедикация жасаған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет