Тақырыбы: Тыңтума әдебиет және оның классикалық үлгісі «Махаббат нама»дастанының маңызы. Қабылдаған: Сағындық Н. Б орындаған: Бостан д алматы 2022



Дата04.12.2022
өлшемі72,45 Kb.
#54751
Байланысты:
Бостан Дариға ежелгі эссе



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология факультеті
Ақымет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі кафедрасы
«6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы


Тақырыбы: Тыңтума әдебиет және оның классикалық үлгісі «Махаббат нама»дастанының маңызы.

Қабылдаған: Сағындық Н.Б


Орындаған: Бостан Д
Алматы 2022
Ресми тілі қыпшақ тілі болған Алтын орда дәуірінің,бізге қалдырған асыл жәдігерлерінің бірі-«Мухаббат наме»дастаны.Бұл дастанның зерттелуіне қысқаша тоқтала кететін болсам,дастан аты «Мухаббат нме» болғанымен,1985 жылы «Жалын»баспасынан аударылған жинақта «Махаббатнама» деп аталған екен.Және бұл атауды ұсынып,енгізген филология ғылымдарының докторы Алма Қыраубаева болатын.
«Мухаббат наме сөзін мұнда айттым,
Барлығын Сыр жағасында жаздым».
Демекші,бұл шығарманың авторы-Хорезми болатын.Хорезми жайлы сөз қозғайтын болсам,ол туралы көп деректер көзі бізге жетпеген.Және Хорезми-оның лақап аты көрінеді.
Ал енді шығарманың желісіне көз тастайтын болсақ,бастамасы бір Алланың атымен бастап,табысқа жетудің кілтін бір Алланың қолында екенін дәріптейтін көркем шығармалардың бірегейі болып саналады.Ал шығарманың желісі ару қызға құлай ғашық болған жігіттің толғаулары,адамның осы өмірдегі адамға сүйіспеншілігін жеткізуі түрінде өрбиді.
«Мені саған деген ғашықтығым өлтірді,
Енді,сенің есігіңнен аулақ кетемін,қош бол!»деген жолдардан махаббаттың жауапсыздығы мен қадіріне жетпегендігін аңғаруға болады.Махаббаттың
Осы сияқты дастан он бір бәйіттен,яғни жігіттің қызға он бір хатынан тұрады деседі.Ғалымдардың пікірі бойынша «Махаббат нама»дастанының жазылу тілі-көркем тіл.Одан бөлек,айта кетсек өлең құрылысы да ерекше жазылған дастан.Автор бұл дастанды жазу арқылы,екі жанның бір-біріне деген кіршіксіз сезімін бейнелеп,сол кездің ащы шындығын және қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін көтермекші болған.
Шығарманың маңызы туралы айта кетсем,Хорезмидің еңбегі қазақ үшін поэма жанрына жол ашылуына үлкен дәнекер болды.Хорезми шығармадағы қыз бейнесін сұлу көрікті қана қылып қоймай,оны ақылды әрі данышпан қылып суреттеген.Дастан сопылық дәстүрдің де кем қалмаған тұсынан бізге,қыздың есігінің табалдырығын мұсылманның басын қояр сәждесіне теңеп көреткен.Сопылық поэзиясындағы сүю-бұл Жаратқанға деген махаббат.Сондықтан да бұл дастанның ерекше тұсы-сонау сопылықтың жалғасын іліп алып кетуі де болар бәлкім.Алланың бар екенін нық айту,Алланы мадақтау,оны жырға қосу-көркем туындыға тән мінсіздік деп танимын.Жалпылама автор махббатты адамзатқа тән ғана қасиет деп көрсетеді.
Ол жайлы
«Екі жарық гәуһарды әлемге берген,
Махаббат кенішін адамға берген»деген сөзі негіз бола алады.
Қисса-хикаяттар адамды бұл өмірдің қызығынан безуге шақырып,сүйіспеншіліктің өзін жұмақтың ісі етіп қоятыны да шығармаға тән.
Қорытындыла келе Хорезмидің шығармасын оқып-тану арқылы ақынның адамның өмір қасиеттерін жоғары бағалайтынын аңғаруымызға болады.Бұл шығармадан біз махаббатты,сү»спеншілікті,сонымен қатар сүю тек адамзатқа қана қатысты ұғым емес екенін,Алланы сүю де-мазаббаттардың ұлысы екенін дәлелдейді.Шығарманың маңызы-келер ұрпаққа ежелгі дәуір әдебиетінің туындыларын айрықша етіп көрсетуінде десек те болады.Ғалымдар да зерттеулерлерінің нәтижесінен «Махаббат нама»туындылардың туындысы деген ұғымды сөзге тиек етіп алсақ болады.Олар жалғап кеткен сопылық поэзияны Абай мен Шәкәрімнің жлғастыруынан да,тыңтума әдебиеттің көркем үлгісін біз әлі күнге дейін оқып келе жатырмыз.Ал шығармаға өз жайымнан баға берсем,»Махаббат нама»сезім мен қоғам мәселесін байланыстыра білген көпір-шығарма,әрі көркем туындыға тән қасиетке толы дастан.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет