Тақырыбы Токсикологиялық талдау. Соттық-ветеринариялық сою. Химиялық-токсикологиялық тексеруге сынаманы алып зертханаға жіберу Жоспары



бет3/3
Дата12.02.2023
өлшемі18,67 Kb.
#67289
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Токсикология 3 лекция

Ботаникалық әдіс. Улы өсімдіктердің бар жоғын анықтауға мал жейтін азықты тексерудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайда біріншіден, жайылым, кейбір жағдайларда астаудағы азық қалдығы тексеріледі. Тексерілген азық құрамынан улы өсімдіктерді табу тексерудің ботаникалық әдісіне негізделген. Азықты және жайылымды ботаникалық тексеру улы өсімдіктердің токсикологиясын және морфологиясын жақсы білетін мамандардың қатысуымен жүргізілуі қажет.
Ботаникалық және фитотоксикологиялық тексерудің мақсаты жайылымнан және азық құрамынан уландыруға күдікті улы өсімдіктерді табу. Егер ондай өсімдіктер кездессе, оның азықтағы мөлшерін, өсу орнын және уытты бөлімдерін анықтау.
Улы өсімдіктер жайлы толық деректер алу үшін төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлген жоғары дәрежелі нәтиже беретіні даусыз:

  1. Өсімдіктің түрімен танысу.

  2. Жайылымдағы малдың улы өсімдікке деген тәбеті, яғни малдың улы өсімдікті жеу – жемеуі.

  3. Улану сәтін және күнін анықтау. Мұндай деректерді есепке алу синил қышқылының түзілуінен, өсімдікке күн көзінің әсер етуінен болатын өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

  4. Мал бағушылардан, жергілікті түрғындардан жайылым жағдайын, мал күйі жайлы анамнездік деректер жинау. Мұндай деректер нәтижесінде патологиялық процесс басталардағы малдың көңіл күйін, улану сипатын, улану себебін білуге болады.

Бақылау сұрақтары:
1.Токсикологиялық талдаудың негізгі әдістері?
2. Соттық ветеринариялық сараптама қалай жүргізіледі?
3. Химиялық әдіс қандай принципке негізделген?


1 Негізгі әдебиеттер.
1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011, Алматы. 319 бет.
2 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт, Алматы, 2009. 327 бет.
3 Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Семей .- 2010. 139 бет.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Қожанов К.Н., Балтыбеков С.О. Қосымша оқу құралы. Малдың азықтан уланулары., Семей .- 2000. 71 бет.
7.2.2 Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е издание. 1962г. 624с.
3 Руководство по клинической токсикологии / под ред. Е.А.Биртанова - 2006
4 Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная токсикология. Москва. 1987г. 319с.
5 Основы токсикологии / Авт.: П.П.Кукин, Н.Л.Пономарев, К.Р.Таранцева и др. - 2008

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет