Тақырыбы: Заттарды талдауда пайдаланылатын электролит ерітінділері теориясының негізгі қағидалары және әрекеттесуші массалар заңы, олардың аналитикалық химиядағы маңызы. Іi-ші аналитикалық топ катиондарына тән реакциялар. Мақсаты


ІІ аналитикалық топ катиондары қоспасының талдау жолы



бет4/6
Дата09.05.2022
өлшемі104,5 Kb.
#33417
1   2   3   4   5   6
ІІ аналитикалық топ катиондары қоспасының талдау жолы

II-ші аналитикалық топ катиондары Аg+, Нg22+, Рb2+.



Зерттелетін ерітіндіні жақсылап араластырып екіге бөледі. Бірінші бөлігінен ІІ аналитикалық топ катиондарын ашады, ал екінші бөлігін талдауды қайталау қажет болған жағдайға қалдырады.

І. Алғашқы байқау

  • ерітінді түсі;

  • тұнбаның бар-жоғы және оның түсі;

  • ортаның рН (универсал индикаторымен анықталады).

ІІ. Бөлшектік талдау

Ag+, Hg22+ катиондарын тотығу-тотықсыздану реакциялары арқылы анықтау. Ag+ және Hg22+ иондарын мыс пластинкасымен анықтайды. Ол үшін мыс пластинкасының беткі қабатында түзілген (CuOH)2CO3 тұзын кетіру мақсатында алдымен эфирмен сүртіп майсыздандырады, содан кейін аммиак ерітіндісімен жақсылап сүртеді және құрғатады. Осылай тазартылған мыс пластинкасының бетіне 1 тамшы зерттелетін ерітіндіні тамызады. Мыс пластинкасының құрғаған бетін сүзгі қағазымен үйкелеп сүрткенде пайда болған айнадай жұқа қабат қыздырғанда жойылса – онда Hg22+ ионының бар екенін, ал қара немесе қарасұр жұқа қабат қыздырғанда өзгеріссіз қалса – онда Ag+ ионының бар екенін көрсетеді. Hg22+ ионын концентрлі аммиак ерітіндісімен де ашуға болады. 2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1-2 тамшы концентрлі аммиак ерітіндісін қосқанда қара түсті тұнбаның түзілуі - Hg22+ катионның зерттелетін ерітіндіде бар екенін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет