Тақырыбы: Заттарды талдауда пайдаланылатын электролит ерітінділері теориясының негізгі қағидалары және әрекеттесуші массалар заңы, олардың аналитикалық химиядағы маңызы. Іi-ші аналитикалық топ катиондарына тән реакциялар. Мақсаты



бет5/6
Дата09.05.2022
өлшемі104,5 Kb.
#33417
1   2   3   4   5   6
ІІІ. Жүйелік талдау

ІІ аналитикалық топ катиондарын хлоридтер түрінде тұнбаға түсіру. Зерттелетін ерітіндінің 5-6 тамшысына ІІ аналитикалық топ катиондары толық тұнбаға түскенше 2н HCl ерітіндісін қосып араластырады, центрифугаға қояды. Ерітіндіден Аg+, Нg22+, Рb2+ катиондарының толық тұнбаға түскенін тексереді, ол үшін ерітіндіге шыны таяқша бойымен 1-2 тамшы 2н тұз қышылы ерітіндісін қосады. Ерітінді лайланбаса катиондардың толық тұнбаға түскені, ал лайланатын болса, онда тағы да тұнба толық түскенше HCl қосады. Центрифугамен тұнбаны ерітіндіден бөледі, тұнбаны құрамында 2 тамшы 20 % HCl ерітіндісі бар салқын сумен жуады. Ерітіндіде ерігіштігі жоғары болғандықтан аз мөлшерде Pb2+ иондары қалады.

Тұнбаны талдау

1. Қорғасын ионын бөлу және ашу. Тұнбаға 8-10 тамшы дистилденген су қосады, су моншасында қыздырады, центрифугамен тұнбаны ерітіндіден бөледі. Ерітіндіден Pb2+ ионын калий хроматы немесе калий йодидімен ашады. Pb2+ ионы болған жағдайда тұнбаны 3-4 рет ыстық сумен жуады (ерітіндісі Pb2+ ионына тән реакция бермегенше, оны хромат ионымен тексереді).

2. Күміс ионын бөлу және Hg22+ ионын ашу. Pb2+ иондарын бөліп алғаннан кейін қалған тұнбаға 6-8 тамшы концентрлі аммиак ерітіндісін қосып араластырады. Қара түсті тұбаның түзілуі Hg22+ ионының бар екенін көрсетеді. Центрифугамен тұнбаны ерітіндіден бөледі, ерітіндіден күміс иондарын анықтайды.

3. Күміс ионын ашу. Аммиакатты ерітіндіні екі сынауыққа бөледі. Бірінші сынауыққа қышқылдық орта болғанша концентрлі азот қышқылын қосады (лакмуспен тексереді), екінші сынауыққа калий йодиді ерітіндісін қосады. Сәйкесінше, бірінші сынауықта ақ түсті, ал екіншісінде сары түсті тұнбаның түзілуі Ag+ ионының бар екенін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет