Тақырыбы:"Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулар мен би-шешендердің шығармашылығындағы рухани құндылықтар " Орындаған: Жолдасбек Меруерт Тексерген: Алтынбекова Зағипа Тараз 2022



бет6/6
Дата03.11.2022
өлшемі26,1 Kb.
#47313
1   2   3   4   5   6

Қазақтың үш биі

«Тобықты Әнет бидей баталы бол, Кіші жүз Әйтекедей аталы бол» деп атақты Сегіз серінің батасында айтылғандай, Әйтеке би аталы тұқымнан. Оның арғы атасы Сейітқұл Жәдікұлы Шығай ханның серігі болған. Шығай хан Бұқардың Абдолла ханымен одақтас болып, Сырдарияның сағасындағы қонысын тастап, Самарқанның теріскейіндегі Нұрата тауына көшкенде, сонымен бірге қарауындағы елін ертіп, қотарыла көшіп келеді. Осы Сейітқұлдың сегіз баласының бірі — Әйтеке бидің әкесі Ақша да, бірі — кейін Самарқанның билеушісі болған, қазақ ханы Салқам Жәңгір 600 жауынгермен жоңғар қоңтайшысы Батырдың 50 мың әскерінің өтінде қалғанда, дер кезде көмекке жетіп, қазақ қолына айтулы жеңісті суырып әперетін атақты Жалаңтөс баһадүр. Жалаңтөс Самарқанға әмір болғаннан кейін ағасы Ақшаны Қоқанның ханы етіп сайлатады.Әйтеке жеті жасынан атасы Ақша ханның тәрбиесінде болған. Ел басқару ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды қабылдау, халық арасындағы даудамай, келісім, бітім істеріне қатыстырып отырған.


Әйтеке би Бәйбекұлы – Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Қазақ шежіресінде Жанарыстың бір аталарынан Алшын одан Әлім, Жеті ру тарайды. Әлімнен Түмен, Шөмекей, Төртқара, одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз (Меккеге барып қажы атанған, Әмір Темір патшаның бас кеңесшісі болған баба). Сол Ораздан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейтқұл туған. Сейтқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі кезінде Самархан шаһарын 40 жылдай билеген атақты Жалаңтөс баһадүр еді. Жалаңтөс батыр және оның ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.
Сейтқұл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан- Шан, Бәйбек, Қонысбек, Жоламан, Бекмембет, Бекенші ұрпақтары өсіп өнген. Бәйбектен Кешубай, Қашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден Қонысбай, Жылтыр деген екі ұл қалған. Бұлардан тараған ұрпақтар ұзақ жылдар Самархан, Нұрата тауының төңірегін мекен еткен.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, Қазақ хандығы дәуірінде жыраулар поэзиясының басты тақырыбы – халықтың топтасқандығы мен бірлігі және әскери күш-қуа­тын нығайту мәселелері бол­ды. Сондай-ақ, жыраулар шығар­маларында әміршіге тікелей арнау да, мадақ өлеңдер де, болмыс туралы философиялық толғаныстар да, ізгілік пен зұлымдық, жақсы мен жаман, достық пен дұшпандық туралы толғаулар молынан. Жыраулар өз туындыларын, толғауларын кейінгі ұрпақтарына мәңгілік мұра етіп қалдыру жолында көркемдігі жоғары поэзия тілімен, таптыр­мас теңеулер, жарқын метафоралар, синтаксистік және психологиялық параллельдер арқылы баяндаған. Бұл туындылардың Тәуелсіз Қазақстанның өркендеп дамуына тигізетін ықпалы орасан зор деп білеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер


  • Абдижапар Абдакимов. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней): «Казахстан», 2002. С. 19.

  • О.Сулейменов. « Аз и Я». Алматы, 1992, С. 36-42.

  • Аманжол Кузембайулы: «Почему мы не прививаем чистоту помыслов молодым?» Коста-найские новости, № 148 (22590) 24 октября 2015 г.

  • https://qamshy.kz/article/7447-qazaq-khandyghy-dgane-dgyraular-poeziyasy

http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет