Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы отбасының маңызы



бет1/9
Дата18.10.2023
өлшемі77,3 Kb.
#118550
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы отбасының маңызы.



Мақсаты: Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы отбасының маңызы, отбасындағы ата–ана мен бала қарым–қатынасы және отбасылық қарым–қатынастағы тәрбие стилі туралы түсінік беру.

Жоспар:


  1. Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы отбасының маңызы.

  2. Отбасының тәрбиелік әлеуеті. Отбасындағы ата –ана мен бала қарым - қатынасы.

  3. Отбасылық қарым – қатынастағы тәрбие стилі.

Негізгі ұғымдар: әлеует, экономикалық әлеует, әлеуметтік, мәдени-әлеуметтік, демографиялық, әлеуметтік орта, тұқым қуалаушылық, даму, қалыптасу, қарым – қатынас, тәрбие стилі, тәрбиелік әлеуеті.


    1. Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы отбасының маңызы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында «Басты мақсатымыз - елімізді баянды ету мен қазақтардың ұлт болып өркендеуіне жол ашатын мәдениетінің құлаш жаюына мүмкіндік туғызу»,-деп атап көрсеткен болатын. Бұл мақсатты іске асыру ұлтымыздың тарихи қалыптасуындағы тәлім-тәрбиесін, соның ішінде отбасылық тәрбие дәстүрлерін зерделеу мен оны бүгінгі күннің талаптарына сай оқыту және болашақ азаматтарды тәрбиелеуде пайдалану жолдарын қарастырумен шешілмек.

Тұлғаның дамуы өзінің бастауын ең алдымен отбасынан алатыны мәлім. Сондықтан отбасы одан әрі адамның жеке басының негізгі қасиеттерін қалыптастырудың барынша маңызды ортасы болып қала береді. Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша, тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсендірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны “Мен” деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады. Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.
Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді (1 кестеде көрсетілген). Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті
тәжірибе жинайды. Ол тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс әлеуметтену деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет