Табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне сай Республика аумағында халық сирек қоныстанған. Орташа тығыздығы әр шаршы шақырымға 6,8-7 адамнан келеді. Сирек қоныстанған аудандар еліміздің оңтүстік, оңтүстік батыс, батыс және орталық бөлігіндегі су тапшы, шөлді-шөлейтті аумақтарда шоғырланған. Аталған аумақтарда бір шаршы шақырымға небары бір адамнан ғана келеді.
Халықтың басым бөлігі суармалы егіншілікке қолайлы Жетісу Алатауы, Іле, Күңгей Алатауы, Талас Алатауы, Қаратау, Өгем жоталарының, Алтай тауының етегінде, Іле, Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл өзендері аңғарыларында, Трансқазақстан, Орынбор-Ташкент темір жолының бойында, Солтүстік Қазақстан, Құлынды жазықтарында шоғырланған. Аталған аумақтарда халықтың орташа тығыздығы әр шаршы шақырымға 13-18 адамнан келеді.
Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында әр шаршы шақырымға небары бір адамнан келеді. Түркістан облысында 13,9, Алматы облысында 18 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 13,1 адам, Қарағанды облысында 14,9 адамнан келеді. Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Жайық өзендері аңғарындағы өнеркәсіпті қалалар мен облыс орталықтарының маңында әр шаршы шақырымға 50-100 тіпті 200 адамнан келеді