Тақырыбы:Қазіргі педагогикалық технологиялардың жіктемесі; Педагогикалық технологиялардың түрлеріне сипаттама. Орындаған:Жарылғасова Әсемгүл Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университет 1 - Қазіргі кезде бүкіл əлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойлатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру жəне оқу-тəрбие орындарының іс-əрекет қағидаларын қайта қарау – мұның бəрі мұғалімнің кəсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойлатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дəлелдеп отыр.
«Педагогикалық технология» Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мəнінің өзгеруі «педагогикалық технология» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мəнін білім беру үдерісінде өзгеше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың іс-əрекеті жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субъектаралық өзара əрекетін қарастыратын жəне олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерде педагогикалық технологияның мəнін ғалымдар түрліше анықтайды:
- практикада іске асырылатын белгілі бір
- педагогикалық жүйенің жобасы (В.А.Беспалько) [1];
педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы жəне жұмыс істеу реті (М.В.Кларин) ;
қойылған мақсатқа сəйкес білімді, білікті, дағдыны жəне қатынасты құрастыру, қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны (А.К.Колеченко) ;
балаға педагогтың шынай өзара əрекетін қамтамасыз ететін қолданбалы ғылыми педагогикалық пəн (Н.Е.Щуркова) ;
оқыту формаларының, əдістерінің, тəсілдерінің, амалдарының, тəрбие құралдарының əлеуметтік жиыны мен бірлігін анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы (Б.Т.Лихачев);
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.
Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |