Тақырыбы:«Ел ертеңін ойлаған Елбасы» Мақсаты



Дата31.12.2021
өлшемі20,63 Kb.
#23539
Байланысты:
Ел ертеңін ойлаған Елбасы


Тақырыбы:«Ел ертеңін ойлаған Елбасы»

Мақсаты:

- 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;


-Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
-Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;
Көрнекілігі: слайдтар, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, тәрбие сағатының тақырыбы.
Барысы:
- Құрметті Студенттер! Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр. Осыған орай колледж бойынша апталық жоспарланып, салтанатты жиын, спорттық жарыстар, кітап көрмесі, тақырыптық кеш ұйымдастырылса, біз де өз тобымызда «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. /№1 слайд/
- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? /Өйткені
1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады./
- Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер?
Студенттер өздері білетін мәліметтерін айтып шығады. Сосын жоспар бойынша дайындалған фактілерді слайд арқылы көрсетіп, түсіндіремін.
Балалық шағы./№4 слайд/
• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Жұмысшы Нұрсұлтан /№5 слайд/
• Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Президенттің саяси өмірбаянының бастауы /№6 слайд/
• Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
«Жылдар сөйлейді» айдарымен викториналық сұрақтарға жауап беріледі. /№7 слайд/ Экранда көрсетілген жылға сәйкес Республика өміріне байланысты фактілерді еске түсіріңіздер.
• 1991 /№8 слайд/
1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. /№9 слайд/
• 1991 жылдың 16 желтоқсаны. /№10 слайд/
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы
«Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. /№11 слайд/
• 1992 жыл 4 маусым/№12 слайд/
1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. /№13 слайд/
• 1993 жылы 15 қараша/№14 слайд/
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді. /№15 слайд/
• 1995 жыл 28 қаңтар /№16 слайд/
1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды./№17 слайд/
• 1997 жыл
• 1998 жыл 10 маусым /№18 слайд/
Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. /Астана көріністері/ /№19 слайд/
• 2006 жыл 7 қаңтар /№22 слайд/
• 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жаңарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. /№23 слайд/
Сөзін жазған Жұмекен Нажмединов /1956 жыл/ және Нұрсұлтан Назарбаев /2005 жыл/.
Әні Шәмші Қалдаяқовтікі, 1956 жыл. /№24 слайд/
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
- Мына кестеден Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президент болып сайланған және өкілеттігін ұзартқан мерзімдерін көріп отырсыздар.
*1991жылы 1 желтоқсанда дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.
*1995 ж. сәуірдің 29 - да жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
* 1999 жылы қаңтардың 10 - да өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
* 2005 ж. желтоқсанның 4 - інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. /№26 слайд/
• Ғылыми атақтары /№27 слайд/
Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
• Басқа лауазымдары мен мансаптары /№28 слайд/
*Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
*Нұр Отан Халықтық - демократиялық партиясының төрағасы.
*ОБСЕ-нің бас төрағасы
• Отбасылық жағдайы /№29 слайд/
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы; /№30 слайд/
Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; /№31 слайд/
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. /№32 слайд/
- Санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі, - деп 29 жыл ішінде елімізде болған жақсы істерге шолуды қорытындылаймын.
Төле бидің сөзі
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар. /№35 слайд/
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын,- деп тәрбие сағатының соңғы бөлігінде
«Көк тудың желбірегені» әні тыңдалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет