Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата21.02.2017
өлшемі3,55 Mb.
#4639
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

РЕДАКЦИЯ

 

АЛ

Қ

А

СЫ

МЕНШІК ИЕСІ: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті

Альманах Қазақстан Республикасының

 Мәдениет және ақпарат министрлігінің

Ақпарат және мұрағат комитетінде қайта тіркеуден өтіп,

2007 жылғы 23 шілдеде №8514-А куәлігі берілген.

ТУҒАН ТІЛ №2 (27), 2016

ЕЛАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ,

ӘДЕБИ-ҒЫЛЫМИ АЛЬМАНАХ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қуаныш АСЫЛОВ 

БАС РЕДАКТОР



Талғат МАМАШЕВ

БАС РЕДАКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ



Қонысбай ӘБІЛ

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ 



Жанар ЖАНАПИЯНОВА

Өмірзақ АЙТБАЕВ

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ

Смағұл ЕЛУБАЙ

Күләш ШӘМШИДИНОВА

Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ

Абдулқаюм КЕСИЖИ 

(Еуропа)

Сұраған РАХМЕТ 

(Моңғолия)

Ирина ҚАРАБУЛАТОВА 

(РФ, Мәскеу)

Назарбек БАЙЖІГІТОВ 

(Қырғызстан)

Меллат РӘМЕТҰЛЫ 

(Қытай)

№ 2 ( 2 0 1 6 )

3

ҰЛТ ЖОСПАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА 



БАСТАЙТЫН ЖОЛ ................................................................................4

КӨРКЕМ АУДАРМА ЖӘНЕ СӨЗДІК ҚҰРАМ ...................................22 

                                                          .........................................................28

ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ ТҰЛҒАСЫ   .......................................................36

ПОРТРЕТ В ИНТЕРЬЕРЕ ЭПОХИ ....................................................39

ТОҚЕТЕР  ................................................................................................43

TOQETER

 ................................................................................................45



ТАҒДЫРЛЫ ТҰЛҒА...............................................................................48

ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТІЛІНДЕГІ 

ЖЕРЛІК ПАРЫҚТАР МЕН ӨЗГЕШЕЛІКТЕР  ....................................54

МОҢҒОЛИЯДАҒЫ «АРУЛАР» ОДАҒЫНЫҢ 

ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ ТОЛДЫ ....................................................58

АБАҚ КЕРЕЙДІҢ ШҰБАРАЙҒЫР РУЫНАН ШЫҚҚАН

ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР ........................................................................62

                                                                                                ...................66

ЕУРОПА ТӨРІНЕН ТӨГІЛГЕН ЖЫР ...................................................70

EUROPA TÖRІNEN TÖGІLGEN JIR ..............................................72

САҒЫМҒА САДАҚ ІЛДІРГЕН .............................................................74

М. ӘУЕЗОВ ҚОЛТАҢБАСЫН КІМДЕРГЕ БЕРГЕН? ........................80 

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТӨЛ АТАУЫН ҚАЛПЫНА

КЕЛТІРУГЕ БОЛА МА? ........................................................................................84 

ПРОФЕССОР ҚАЙЫРБОЛАТ ЕСЕНОВТІҢ 

ҚАЗАҚ СИНТАКСИСІНДЕГІ ІЗІ .........................................................88

МЕРЕЙТОЙ ............................................................................................90

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ ...................................92



Талғат

МАМАШЕВ 

«Туған тіл» альманахының 

бас редакторы

М а з м ұ н ы

Алғы сөз

Құрметті оқырман! 

Биыл  қазақ  үшін  жер  мәселесі  мен  елдегі  діни  ахуал 

өзекті жайтқа айналып тұрғаны анық. Мұның алғашқысы, 

яғни, жер төңірегіндегі әңгімелер қазақ арасында ежелден 

күн  тәртібінде  ерекше  тұрған  мәселе  саналады.  Тіпті:  

«Жер  туралы  дау-шар  –  қазаққа  қанмен  берілген  нәрсе», 

–  деседі.  Сондықтан  болар,  шетелдіктерге  жерді  жалға 

беру мен сатудың жағдайын үлкен-кішіміз болып, әртүрлі 

әлеуметтік  топ  иелері  болып,  қызу  талқыға  салып  кеттік. 

Жер  жөніндегі  үкіметтік  комиссия  отырысы  еліміздің 

барлық  дерлік  өңірінде  өткізілмек.  Дүниежүзі  қазақтары 

қауымдастығы  да  өзінің  түрлі  басылымдары  мен  «Қазақ 

әлемі»  электронды  сайты  арқылы  бүкілхалықтық  тал-

қылауға өз үнін қосуда. Шетелдегі ұзын саны 5 миллионға 

жуық  қазақтың  ата-бабадан  қалған  ортақ  мұраға  –  қазақ 

жеріне  байланысты  пікірін  жұртшылыққа  жеткізу  біздің 

міндетімізге  айналып  отыр.  Себебі  олардың  бәрі  –  елін, 

жерін тастап көшіп кеткендер емес. Олардың жартысынан 

көбі өз ата-бабасының кіндік кескен жұртында отыр. Орыс, 

қытай,  өзбек  жеріндегі  қандастарымыздың  көпшілігі 

«шетелдік қазақ» деген атауға  Кеңес Одағындағы солақай 

ұлттық  саясат  нәтижесінде,  көзжұмбай  шегара  бөлі нісі 

кезінде  ие  болды.  Қазіргі  кезде  Қытайдағы  қазақ  қытай-

ланып,  Ресейдегі  қазақ  орыстанып  бара  жатса  да,  ата-

баба мыздың зираты осында, «Ұлы Қазақ даласы бәріміздің 

түп  қазығымыз»  деген  сезіммен  жердің  жатжұрттықтарға 

сатылуына  да,  жалға  берілуіне  де  қарсы  болып  отырған 

қаншама қазақты білеміз. 

Қазақ үшін «тіл» мен «жер» – егіз ұғым. Тіл жоғалса, 

ұлт  ретінде  қазақ  та  тарих  бетінен  жойылары  анық. 

Сондықтан жер мәселесін сергек сезіммен, белсенділікпен 

қызу  талқыға  салған  қазақ  үшін  ана  тіліміздің  мүддесін 

солай  қорғап,  мәртебесін  көтеру  басты  борыш  саналмақ. 

Мұны альманах бетін ақтарған әрбір көзі қарақты оқырман 

жазбай  танып,  көңіліне  қанағат  табары  анық.  Басылым 

беттеріндегі  мақалалардың  біразы  туған  тіл  мәселелерін 

түрлі қырынан сөз етуге арналған. 

«Туған тіл» альманахы әртүрлі жазба әліпбилерін қол-

данатын  шетелдегі  қазаққа  арналған  басылым  болған-

дықтан,  «ана  тілінің  шұрайлы  да  көркем  тіл  екендігін 

сезін сін,  оқып-үйренсін»  деген  ниетпен  латын,  төте  жазу 

үлгісімен мақалалар жариялап келеміз. Бұл да – тіл үйрену-

дің бір жолы. 

«Туған тіл» альманахының қолдарыңыздағы бұл саны 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлт  жоспары  –  қазақстандық 

арманға  бастайтын  жол»  атты  мақаласымен  басталады. 

Азаматтық  пафосқа  толы,  тынысы  кең  ондаған  өлең 

кітабынан  бөлек,  бір  ғана  «Аз  и  Я»  кітабы  арқылы  күллі 

Кеңес Одағын дүр сілкіндірген қайраткер, классик ақыны-

мыз  Олжас  Сүлейменовтің  80  жылдығына  арналған 

мақаланы  тек  қазақша  емес,  «Ресей  қазақтары  да  түсініп 

оқысын» деген ниетпен орыс тілінде де жариялап отырмыз.  

Бұрынырақта ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің 

қолдауымен  халықаралық  өнер  фестивалін  дәстүрлі  түр-

де өткізіп отыратынбыз. Бірақ соңғы жылдары оны әркім 

бір  өткізіп,  жастарға  арналған  фестивальдің  құны  түсе 

бастағандай еді. Биыл сол фестивальді Қазақстан Тәуелсіз-

дігінің 25 жылдығына орай өткізуді қайтадан Қауымдастық 

өз  міндетіне  алды.  Аталған  шараға  байланысты  жаңа 

өзгерістерді альманахтың осы санындағы хабарландырудан 

оқып-білуге болады.   

Жүрек  жылытар  жаңалыққа  толы  күндерде  жолығыса 

берейік!               

РЕДАКТОР БАҒАНЫ

ﺮﯩﺗﺎﺑ ﻥﻪﮔﺭﻪﺑﺎﺟﻮﻗ ﻥﺎﻘﻘﯩﺷ ﻥﺎﻨﯨﯞﺭ ﺮﯩﻌﻳﺍﺭﺎﺑﯘﺷ ﯔﯨﺪﻳﻩﺭﻪﻛ ﻕﺎﺑﺍ

 

مارۇق كىدزوس ەناج امرادۋا مەكروك



 

 


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

4

5

Ә



р ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек 

жеке және отбасылық игіліктерге ғана 

ұмтылыс көрініс таппайды.

Оларда қашанда туған жерге деген сүйіс пеншілік 

сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар 

айқын көрінеді.

Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары  үшін 

Қа зақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді.

Біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңсаған 

көпғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық.

Біз – қазіргі қазақстандықтар 

үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты 

жоғары өмірлік құндылығына айналды.

Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын ғана 

барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді бау рап алған 

көптеген ой-ниетіміізге қол жеткіздік.

Біз Қазақстан Республикасының егемендігі Кон-

ституция мен заңдардың берік арқауы мен халық 

мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік аппараттың 

кәсіби және негізді іс-қимылына арқа сүйеуін 

қамтамасыз еттік.

Оны Қазақстан экономикасының нақты табыс-

тарымен, ұлттық байлықтың және халық игілігінің 

өсімімен нығая түсетін еттік.

Тәуелсіздігіміздің жоғары халықаралық беделмен 

және ұлттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесімен сенімді 

қорғалуын қамтамасыз еттік.

Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты 

иесі болуға үйренудеміз, жаңа технологияларды 

меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген 

өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салала-

рын іске қосудамыз.

Және ең бастысы – біз жаңаша армандау-

ды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі бо-

лып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға 

қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты 

міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік.

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 

АРМАН

Біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жаңа қазақ-

стандық арманмен аяқ бастық, оның  басты мақ-

саты жүзеге асырылып жатқан «2050 Стратегиясы-

мен» барабар.

ХХІ ғасырдың ортасына қарай біз Қазақстан-

ның әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына 

қосылуына қол жеткізуді жоспарлап отырмыз.



ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ҰЛТ ЖОСПАРЫ – 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА 

БАСТАЙТЫН ЖОЛ

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны 

жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын 

орындаудың практикалық кезеңі басталды.

Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты 

жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.

Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы 

ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне 

олар БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНЫМЫЗ – ХХІ ғасырда 

көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.

Нұрсұлтан 

НАЗАРБАЕВ:

Біз өзіміздің 

қазақстандық 

арманымыздың 

орындалуына және 

Қазақстанның

өркендеуіне сенімді 

түрде қол жеткізетін 

боламыз!


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

6

7

Бұл 2015 жылдың сәуірінде өтіп, қазақ стан-



дықтардың абсолютті көпшілігі қолдау көрсеткен 

кезектен тыс президенттік сайлау барысында пайда 

болған бүкілхалықтық арманға айналды.

Шын мәнінде, осы бүкілхалықтық се нім 

кепілі біздің Болашағы Біртұтас Ұлт туындауындағы 

тарихи акт болды.

Біз өзіміздің жаңа арманымызға қарай 

жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге 

асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт Жоспа-

рын жасаудан бастадық.

Осы жаңғыртуларға шешуші рөл беріліп отыр. 

Олар Қазақстанды, оның экономикасын, мем-

лекет пен қоғамды өзгертетін тарихи міндеттер 

кешенін шешуге даңғыл жол салады.

Олар планетадағы аса дамыған мемлекеттерді 

біріктіретін Эконо микалық ынтымақтастық және 

даму ұйымының стандарттарына сәйкес келетін 

елді дамыту, экономикалық өсім мен барлық 

қазақстандықтың өмірін жақсарту үшін жаңа 

лайықты жағдайлар қалыптастырады.

Біздің Қазақстанымыз серпіндірек, лайықтырақ, 

сенімдірек және дәулеттірек болады.

2015 жылдың бірнеше айының ішінде ғана Бес 

институттық реформаның басталуын заңнамалық 

және ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету бой-

ынша орасан зор жұмыс атқарылды.

Бұл жұмыс менің Жарлығым бойын-

ша құрылған Жаңғыртулар жөніндегі ұлттық 

комиссияның басшылығымен жүргізілді.

Мен бірқатар кеңес өткізіп, сарапшылармен, сая-

саткерлермен, бизнес және қаржы ұйымдарының 

басшыларымен әңгімелестім.

Халықаралық сапарларым мен кездесулерім 

шеңберінде мен өзімнің әріптестеріммен – өзге 

елдердің мемлекет және үкімет басшыларымен – та-

лай рет кеңестім.

Тұтастай алғанда, менің Қазақ станды тереңдете 

жаңғырту жөніндегі ой-ниетіме барлық тараптан 

жан-жақты қолдау көрсетілді.

Әлеуметтік сауалнамалар да Ұлт Жоспарының 

барлық бес реформасына тұрақты жоғары қолдау 

көрсетіліп келе жатқанын айғақтап беріп отыр. 

Қазақстандықтар реформалардың уақтылы және 

көкей кесті екенімен бірауыздан келіседі.

Қазірдің өзінде барлық қажетті заңдар 

қабылданды және заңдық күшіне енді.

Парламент пен Үкімет жұмысының 

үйлесімділігін ерекше атап өткім келеді. Өте 

қысқа мерзімде жүзеге асырылған заңнамалық 

жұмыстардың осындай қарқыны мен сапасы бұған 

дейін Қазақстанда болып көрген емес.

Бұл – біздің парламенттік моделіміздің 

және мемлекеттік биліктің өкілетті және атқарушы 

тармақтарының өзара іс-қимыл жүйесінің жоғары 

тиімділігінің айғағы.

Ұлт Жоспарын орындау бойынша практикалық 

жұмыстар жаңа мүмкіндіктер мен әлемдік дамудағы 

ықтимал тәуекелдерді есепке ала отырып, өзгермелі 

жаһандық жағдайларға толық сәйкес түзіліп 

жатқанын көру маңызды.

Бұл туралы менің 2015 жылдың 30 қараша-

сындағы Қазақстан халқына Жолдауымда егжей-

тегжейлі баян етілген.

Бес институттық реформа Қазақстан экономика-

сы жаһандық экономикалық қиындықтардың күшті 

ықпалын сезініп отырған қазіргі кезеңде ерекше 

маңызды.

Біз оларды экономикалық өсім нің сенімді 

қарқынын қалпына келтіру мен бүкіл халыққа 

берік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге 

бағытталған мемлекеттің дағдарысқа қарсы кең 

ауқымды шараларының басты құрамдасы ретінде 

қарастырамыз.

Қазақстанның дамудың жоғары әлемдік стан-

дарттарына қол жеткізуіне ықпал ететін жаңа 

қазақстандық заңнамалар қазірдің өзінде жұмыс 

істей бастады.

Сондықтан қазір қазақстан дық тардың олар 

туралы тек біліп қана қоймай, сондай-ақ олардың 

практикалық өмірде, экономикалық қызметте немесе 

қоғамдық қатынастарда беретін жаңа мүмкіндіктерін 

қолданулары маңызды.

Баршаның бойында құқықтық жаңалықтар 

негізінде мемлекеттік басқару мен құқық тәртібінің 

жүйесі қалай ауысатыны жайында барынша толық 

түсінік болуы тиіс: «жаңа жағдайларда бизнесті 

қалай дамытуға немесе мемлекеттік емес сектордың 

қызметін қандай перспективалы бағыттарда белсенді 

етуге болады?» деген сияқты.

Осының бәрі, тұтастай алғанда, тұрғындардың 

бәрінің экономикалық және азаматтық 

белсенділіктерін арттыруға қуатты серпін беретін 

болады.

Осының арқасында біз өзіміздің қазақстандық 



арманымызға қарай секіріс жасап, ХХІ ғасырдың 

ортасындағы басты мақсатымызға жақындай түсетін 

боламыз.

Бес реформаның әрқайсысы бойынша іс-

қимылдың жол картасы жасалған және біз оларды 

дәйектілікпен жүзеге асырамыз.



МЕМЛЕКЕТТІ КӘСІБИЛЕНДІРУ

Біздің БІРІНШІ РЕФОРМАМЫЗ «Мемлекеттік 

қызмет туралы» жаңа Заң негізінде мемлекеттік 

аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызметтің реформасын біз алғашқы 

заңнамалық акт – Президенттің «Қазақстан 

Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» 

заң күші бар Жарлығы қабылдануының 20 жылдығы 

тұсында жүзеге асыра бастауымыздың нышандық 

мәні бар.

1995 жылдың желтоқсанында бұл құжат тек 

Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл ТМД 

кеңістігі үшін инновация болғанын атап өту 

маңызды.


Біз барлық посткеңестік елдердің ішінде 

алғаш болып мемлекеттік қызметшілердің жаңа 

кадрлық корпусын конкурс және меритократия 

қағидаттары арқылы қалыптастыруға кірістік.

Қазір қазақстандық мемлекеттік 

қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды.

Менің Жарлығыммен Мемлекеттік қызмет 

істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында 

– Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюро-

сы құрылды.

Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана 

емес, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл таны-

татын, яғни, жемқорлық көріністерінің барынша ал-

дын алуға бағдарланған жүйе де жаңғыртылып отыр.

Бұл жерде жемқорлықпен күрестің өзі барынша 

дәйекті бола түседі және жүйелі сипатқа ие болады.

Міне, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа 

заң осындай ұстанымдарға негізделсе, оның өзі 

халықаралық стандарттарға бағдарланған және жаңа 

жылдан бастап күшіне енді.

Жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамамен өзара 

байланыста және сонымен қатарласа қабылданған 

мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мемлекеттік 

қызметтің жаңартылған моделінің негізгі 

шеңберлерін және мемлекетті басқарудың барлық 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

8

9

жүйесінің тиімділігін күшейту бойынша одан арғы 



іс-қимылдардың рет-тәртібін айқындайды.

Біріншіден, әкімшілік мемлекеттік қызметшінің 

мансабы оның біліктілігі және жинақтаған 

тәжірибесі есепке алына отырып құралады.

Мансаптық сатының әр баспал   дағында ол өзінің 

кәсіби жарамдылығын дәлелдеп отыруға тиіс болады.

Жаңа заңға бірқатар қағидатты нормалар енгізіл-

ген.


Мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді 

іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан 

бастаудың нәтижелері бойынша мүмкін болады.

Жұмыс тәжірибесі мемлекеттік қызметші-

нің мансаптық ілгерілеуінің басты шарты болады 

және мұнда да тек конкурстық негізде жүзеге асыры-

лады.

Сондай-ақ жекелеген мемлекеттік қызмет ші-



лер ротация ларының мүмкіндігі көлбеуінен және 

тігінен оларды қызметтік баспанамен қамтамасыз 

ете отырып қарастырылған.

Екіншіден, мемлекеттік қызметке ашық кон-

курс арқылы және Кадр саясаты жөніндегі ұлттық 

комиссияның шешімі бойынша келісімшарттық 

негізде мемлекеттік емес сектордағы басқарушылар 

қатарынан азаматтар және шетелдік менеджерлер 

тартыла алады.

Үшіншіден, мемлекеттік қызмет  шіге еңбекақы 

төлеудің жаңа жүйе сі оның біліктілігі мен атқа ратын 

жұмысының сипатына, көлемі мен нәтижесіне бай-

ланысты заң тұрғысынан бекітіледі. Аса нәтижелі 

қызмет үшін бонустар төлеу қарастырылған.

Мұндай жүйені 2017 жылдың 1 қаңтарынан бас-

тап енгізу жоспарланып отыр.

Бұл жерде 2016 жылы бүгінде «Б» корпусына 

кіретін мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 

жоғарылайтынын айта кету керек.

Төртіншіден, заңда саяси мем лекеттік 

қызметшілер ауысқан кезде мемлекеттік аппараттың 

автономдығы мен тұрақтылығы қағидаты нақты 

жазылған.

Министрлер мен орталық атқарушы органдардың 

жауапты хатшыларының өкілеттіктері егжей-

тегжейлі дәлдеп ажыратылған.

Бесіншіден, шенеуніктер ортасында этикалық 

нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық 

құбылыстар туындататын жағ дайлардың алдын алу 

бойынша қатаң шаралар қарастырылған.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен 

тұрмыстағы жүріс-тұрысының қалыптары регла-

менттелген Мемлекеттік қызметшілердің жаңа 

этикалық кодексі жасалды.

Сондай-ақ жаңа институт – этика бойынша 

өкілетті өкілдер институтын құру көзделіп отыр. 

Олар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге 

кеңес беріп, олардың құқықтарын қорғауды 

қамтамасыз ететін болады.

Алтыншыдан, мемлекеттік қызмет тура-

лы жаңа заңның маңызды қыры оның арқаулық 

нормаларының құқық қорғау органдарына да 

қатысты болатынымен байланысты.

Бұл жерде құқық қорғау орган дарындағы 

қызметтің ерекшелігі қол даныстағы «Құқық қорғау 

қызметі туралы» Заңда ескерілген.

Жетіншіден, жаңа заң негізінде және 

еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгеннен 

кейін «Б» корпусының әкімшілік мем ле-

кеттік қызметшілерін жаңа біліктілік талап-

тарына сәйкестігі бойынша кешенді аттестат-

тау жоспарланған.

Аттестаттау кезеңінде мемлекеттік қызметке 

орналасуға конкурстар өткізуге мораторий жарияла-

натын болады.

Қызметшілердің біліктілігін 3 жылда бір реттен 

кем болмайтындай етіп міндетті арттырып отыру заң 

тұрғысынан бекітіледі.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік 

қызметті жаңғыртудың негізгі қырлары – осындай.

Мен оны Қазақстандағы барлық жаңғырту 

үдерісі ой-ниеті табысының шешуші тетігі ретінде 

қарастырамын.

ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ 

ЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЫҚ

ЕКІНШ РЕФОРМАНЫҢ мәні тәуелсіз сот 

төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау 

жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары 

мен бостандықтарын қамтамасыз етуге

заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін 

нығайтуға бағытталуы тиістігінде.

Оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ая-

сында жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі мен жаңа 

«Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заң қабылданды. «Сот 

жүйесі және судьялардың мәртебесі тура-

лы» Конституциялық заңға, Қылмыстық іс жүргізу 

кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

кодекске қажетті өзгерістер енгізілді.

Бәрінен бұрын, жаңартылған заңнамалар 

қоғамның сот жүйесіне сенімін арттыруға 

ықпал ететін болады. Әділдік нақ сотта салтанат 

құратыны белгілі.

Қазақстан соттарын рефор малаудағы темірқазық 

мәселе – сапалы судьялар корпусын жасақтау.

Судьялыққа кандидаттарды іріктеудің қатаң 

тетігі мен оларға қойылатын жоғары біліктілік та-

лаптары заң тұрғысынан қарастырылған.

Сот төрелігін үлкен өмірлік тәжірибесі бар және 

жоғары моральдық ұстанымдарға ие ең лайықты әрі 

барынша дайындалған кәсіби шеберлер жүзеге асы-

рулары тиіс.

Судьяларды іріктеу мен тағайындау үдерістері 

қоғам үшін мөлдір және ашық болады.

Осымен байланысты өзінің аппараты бар, 

құрамы мен өкілеттілігі кеңейтілген автономды 

мемлекеттік мекемеге айналатын Жоғары Сот 

Кеңесі түбегейлі реформаланды.

Сот реформасының маңызды қыры – сот 

төрелігінің бес сатылы жүйесінен үш буын-

ды жүйесіне өту.

Тек бірінші, апелляциялық және кассациялық 

инстанциялар қалады. Бұл жерде көп іс 

қаралатын бірінші және апелляциялық инстанциялар 

соттарының рөлдері айтарлықтай күшейтілетін бо-

лады. Мұндай қадам соттық әуре-сарсаңның алдын 

алып, сот шешімін қабылдау мерзімін қысқартады.

Қазақстандағы сот төрелігі аза маттардың жеке 

өмірінің құпиялығына кепіл құқын есепке ала кел-

генде барынша ашық бола түседі.

Сот залдарында сот істері аудио және бейнежазба 

аппаратуралармен жарақтандырылады және жазба-

ларды қандай да бір тоқтатуға немесе редакциялауға 

мүмкіндік берілмейді.

Бұл судьяларды және сот мәжілісіне басқа да 

қатысушыларды тәртіпке шақырады, сот процесі 

мен сот қабылдаған шешімнің объективтілігін 

қамтамасыз етеді.

Сот жүйесін реформалау шең берінде бірқатар 

институттық шешімдер жұмыс істей бастайды.

Біріншіден, Жоғарғы Сот жанындағы Сот 

жюриі түбегейлі қайта құрылады.

Сот жюриі азаматтардың судья лардың іс-

әрекетіне және судьялық корпус өкілдерінің 

қабылданады деп күтіліп отырған Этикалық 

кодексті бұзу жағдайларына байланысты арыз-

шағымдарын қарайтын болады.

Екіншіден, Жоғарғы Сот жанынан дауларды, 

оның ішінде ірі инвесторлар қатысатын дауларды 

қарау үшін мамандандырылған алқа құрылатын бо-

лады.


Оның шеңберінде шетел инвесторларының құқын 

өздерінде туындаған құқықтық даулар бойынша са-

палы әрі әділ шешу жүзеге асырылады.

Үшіншіден, қылмыстық іс жүргізу шеңберінде 

соттарда, оның ішінде сотқа дейінгі кезеңде, айыптау 

мен қорғау арасында теңгерім қамтамасыз етілетін 

болуы тиіс.

Бұған адамның конституциялық құқы мен 

бостан дығын шектейтін тергеу судьясының барлық 

тергеу әрекетін санкциялау бойынша өкілеттіліктерін 

одан әрі қарай кеңейту есебінен қол жеткізілетін бо-

лады.


Төртіншіден, қазақстандық соттардың 

төрағалары – құқы теңдердің ішіндегі жолы кеңдері 

екенін ұмытпау маңызды.

Сондықтан олардың тарапынан басқа судьялар 

қабылдайтын шешім ге ықпал ету мүмкіндігі мүлдем 

болмайды.

Бесіншіден, мемлекеттік сот орындаушыларын 

кезең-кезеңімен қысқарту арқылы жеке сот орын-

даушыларының институты одан әрі дамытылады.

Сот жүйесінің тәуелсіздігін ны ғайтатын 

шаралардың маңызы ерекше.

Менің тапсырмам бойынша бүгінде құрметті зей-

нетке шыққан судьяларды зей    нетақылық қамтамасыз 

ету бо йынша барлық мәселені шешуді қарастыратын 

заң қабылданғаны белгілі. Бұл судьяларға бар күш-

жігерін сот төрелігін барынша объективті атқаруға 

мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, біз барлық құқық қорғау 

органдарының және бәрінен бұрын полицияның 

адамдардың мүддесі мен құқықтық тәртіпті нығайту 

қызметінде тұруына қол жеткізуіміз қажет.

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

10

11

Бұл үшін жергілікті билік органдары мен 



жергілікті қоғамдастықтарға есеп беретін жергілікті 

полиция қызметі құрылады. Осындай қызмет 

тұтастай Экономикалық ынтымақтастық және даму 

ұйымына мүше бірқатар елдерде өзін жақсы таныт-

ты.

Жергілікті полиция қызметінің қарауына 



қоғамдық тәртіп күзеті, тұрмыстық қылмысқа 

қарсы тұру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз 

ету мен ұсақ құқық бұзушылықтарға атымен 

төзбеушілік мәселелері беріліп отыр.

Осы жаңалықтар жаңа заңнамада көрініс тапқан. 

Онда сондай-ақ азаматтардың этикалық нормалар-

ды бұзған полициялардың үстінен түсірген арыз-

шағымдарын қарайтын қоғамдық кеңестер мен өзге 

де консультативтік-кеңестік органдар жүйесін құру 

қарастырылған.

Сондай-ақ «Қылмыстық құқық бұзушылық 

картасы» интернет порталы құрылатын болады. 

Мұндай тетік әлемнің бірқатар елдерінде табысты 

қолданылып келеді. Осы веб-ресурсқа елдегі барлық 

қылмыстық құқық бұзушылық жедел енгізіледі. 

Бұл жұртшылықтың құқық қорғау органдары 

жұмысының тиімділігін бақылауына мүмкіндік 

береді.


Пенитенциарлық жүйені жақсарту көкейкесті 

мәселе болып табылады. Бұл жұмыс мемлекеттік-

жекеменшік әріптестігін дамыту шеңберінде 

жүргізілуі тиіс.

Шетелдердің табысты тәжірибелері жеке сек-

торды пенитенциарлық мекемелерді салу мен 

пайдалануға тарту жөніндегі шараларды жүзеге 

асырудың негізі болуы тиіс.

Сондай-ақбұған дейін заңнан аттап, сонысы үшін 

жазасын өтеген адамдарға көмек көрсету мен ықпал 

ету маңызды.

Бұл үшін әлеуметтік оңалту кешенді дамы-

тылып, жазасын өтеп жатқан азаматтар үшін ар-

найы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары 

енгізілетін болады.

Тұтастай алғанда, Қазақстанда құқықтық 

мемлекеттің орнық тырылуы – біртұтас 

жаңғырту үдерісі аясында шешіліп жатқан біз дің 

конституциялық міндетіміз. Белгіленген шаралар 

мен қадамдарды жүзеге асыру азаматтардың, сондай-

ақ шетел инвесторларының ұлттық сот және құқық 

қорғау жүйесіне сенімін арттырып, тұтастай алғанда, 

еліміздегі бизнес-ахуалды жақсартады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет