Тақырыбы:Ұлы Дала ханымдарының әлеуметтік көзқарасы



бет3/3
Дата16.10.2022
өлшемі51,71 Kb.
#43422
1   2   3

Фариза Оңғарсынова 1936 жылы қазіргі Атырау облысында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдері 1958 жылдан бастап баспасөз беттерінде жариялана бастайды. Осы жылдардан бастап ақынның өлең жинақтары, таңдамалы шығармалары, повестері жарық көре бастады. Ақын өлең жазумен қатар, орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған. Ақынның жырлары қоғамдағы болып жатқан келеңсіздіктерді сынай отырып, шындыққа тура қарауымен ерекшеленеді. Ф. Оңғарсынованың шығармаларында шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім секілді философиялық категориялар орын алады. Ақын «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін, басқа да еңбектері үшін марапатталған болатын. Шығармашылықпен айналысумен қатар саясатқа да араласып, депутаттық қызмет те арқарды.

Ф.Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану – алыптардан бастау алады.

Фариза Оңғарсынованың әлеуметтік көзқарасы:

  • Фариза Оңғарсынованың әлеуметтік көзқарасы:
  • Фариза Оңғарсынова қазақ әдебиетінде поэзия жанрында адуынды жырларымен баурап алған поэзия падишасы. Ф.Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары әр адамды қызықтырары айдан анық. Өзінің шығармашылығымен әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып отырған Ф.Оңғарсынова жырларын зерттеуге көптеген ғалымдар қызығушылық танытқан.

    Қызуқанды, албырт та адуынды ақын көпшілікті елең еткізіп, кейбіреулерді аса жоғары талантымен қалың ойға қалдырып жүрген жыр иесі сезімге бай, ойға дарқан. Ақынның сыршыл жүрек сырының тым тереңнен қайнап, буырқанып шыққан мөлдір көңіл-күйін өмірге, ортаға деген өзіндік терең позициясын түсінеміз. Фариза жырларында бәрі де бар: сүйгеніне ренжу, қайғы-мұңға бату, аласұрып мазасыздану, талпыну, іздеу, жалғыздық сияқты кез келген адам баласы басынан өткеретін сан алуан сезімдерді оқушы қауымның өз басынан өткергеніндей етіп әсерлі де шебер жеткізеді. Ақынның ешкімге ұқсамайтын дауылпаздың үніндей жырларынан алмаш қылыштың жүзіндей ащы шындықтың уы тамып тұрғандай.

Қорытынды ой:

  • Қорытынды ой:
  • Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қойсам жалпы қос ханымдардың әлеуметтік көзқарастары әртүрлі біреуі кезіндегі қазақ халқының қиын қыстау кезін сондай бір азапты күндерді ту етсе екіншісі махаббат лириканы ту етеді. Мен дәл осы мақтан тұтарлық кісілерді қазақтың айнасы деп білемін. Біз осы кісілермен мақтанамыз осы кісілердің арқасында өткеніміз бен бүгінімізді біліп шүкіршілік етіп,саналы ұрпақ болып қалыптасып келе жатырмыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет