Ұлы Жібек жолы жанданып, Орталық Азия қалаларындағы жоғары мәдениеттің өркендеуінде маңызды рөл атқарады. Ұлы Жібек жолы мәдениетінің бастапқы кезеңінде, І мыңжылдықтың алғашқы жартысында, Орталық Азияда оншақты қалалардың ғана аттары аталса, Тан империясы мен Ислам Ренессансы уақытында, VIII-ХІІ ғасырларда өңірде болған саяхатшылар жүздеген мәдениет орталықтары туралы дерек береді, мысалы Сюань Цзян Жетісудың өзінде осындай ондаған қалалар бар екені жөнінде хабарлайды. Марко Поло, Ұлы Жібек жолы әрекет етіп тұрғанда Орталық Азияда болған сирек саяхатшының бірі, моңғолдар шапқыншылығынан кейін қалалық мәдениет күйдіруге жеткізгенгенімен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Ұлы Жібек жолынан керуен арылған жоқ дейді.Ұлы Жібек жолының ерекшелігі оның орталықтарының басымдық таныта алмауында болды. Оның үстіне ол кезде мәдени артерияны бақылаушы түркілерде жалғыз үстемдік етуші жүйе әлі қалыптаспады.Ұлы Жібек жолы халықтардың достығы мен ынтымағының жарасымдылығы деп түсінген жөн.