Ұлы Жібек жолы мәдениеттерінің түркі халқы өзара әсері. Жоғарыда айтылғандай «Ұлы жібек жолы», тек сауда ғана емес сонымен қатар дипломатиялық қарым-қатынастар, шаруашылықтағы және мәдениеттегі озық жетістіктерді алмасу жолы да болды. Ғалымдардың айтуынша Үндістанда шыққан будда діні, Қытай мен Орталық және Қиыр Шығысқа Орта Азия арқылы Жібек жолымен тараған. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Суяб қаласынан буддалық ғибадатханалар табылса, Қойлық қаласынан христиандық (неосториандық бағыттағы) шіркеу табылды, ал Тараз қаласының көне жұртынан неостариандық, манихейлік, буддалық, мұсылмандық ғибадатханалар табылған. Табылған ғибадатханалардың барлығы бір уақытта қатар өмір сүргендігі байқалады. Осыған байланысты, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймағы Жібек жолының арқасында түрлі діни наным-сенімдер мен мәдениеттердің түйісіп тараған ортасы болды деп айтуға болады. Сондықтан қалаларда түрлі архитектуралық-құрылыс үлгісіндегі ғимараттар бой көтерді. Археологиялық ескерткіштердің барлығы қала халықтарының әртүрлі дінде болса да, ортақ мәдениеттерінің болғанын көрсетеді. Музыка және би өнері де қалыс қалмады, буддалық тәуіп Сюань-Цзян 629 жылы Суяб қаласында болғанда жергілікті музыканттар түрлі халықтардың музыкалық аспабында ойнап өнер көрсеткендері туралы жазған. Орта ғасырда көбіне сауда керуендерімен жүріп өнер көрсететін әнші, биші, күйші, акробаттар мен сиқыршы-фокусшылар өте көп болған. Оларға өнер көрсету үшін тіл білу аса қажет болмады, өйткені олар өнерін музыка, би және дене қимылдарымен көрсететін. Қытай билігінде Тан әулеті тұрған кезде Орта Азияның музыкасы елде кең тарағаны көптеген деректерде айтылады.