Жібек жолы(Ұлы Жібек жолы) – Қытайдағы Сианьнан Шыңжаңға және Орта Азиядан Таяу Шығысқа дейінгі керуен жолы. Бұл атауды неміс ғалымдары Ф.фон Рихтофен бен А.Херманн ойлап тапқан.19 ғасырда А.Херманн ұсынған.Халықаралық сауда жолының тарихы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтардан, Шығыс Түркістаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады.Б.з.б. 138 жылы Қытайдан император У-дидің Батыстың беймәлім елдеріне (Күн қайда батса сол жаққа) жіберген елшілік керуені жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан Орталық Азияға тіке жол тартты. Сапар барысында сауда үшін қолайлы жолдар анықталды. Бұл жолдар Ұлы жібек жолының негізін қалады.Ұлы Жібек жолы – адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштерінің бірі. Біздің дәуірімізге дейінгі 2 ғасырдан бастау алған бұл жол Еуропа мен Азия – Батыс пен Шғыс арасындағаы жасырын көпір болды.Онын Қазақстан жерін 6 ғасырдың екі мемлекеті – Атетинде кесіп өтті: Сырдария мен Тянь-Шань жолдарының ағайындары.Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан, Қашқар арқылы Жетісуға, одан Сырдария бойымен және Арал теңізінен батыс шекараға дейін өтті.